
Құрметті Мәслихат депутаттары!
Бүгін Мәслихат сессиясының қарауына Алматы қаласының одан әрі дамуына айтарлықтай ықпал ететін бірқатар мәселелер шығарылып отыр.
БІРІНШІ. Біздің Алматы бюджетіне ұсынып отырған нақтылауларымыз, бірінші кезекте, азаматтарымыздың өтініштері мен тілектерін ескере отырып қалыптастырылған. Жыл басынан бері әртүрлі каналдар, оның ішінде «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы мен әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ менің халықпен тұрақты кездесулерім барысында Әкімдік 77 мыңнан астам өтініш қабылдады.
Сіздерге қаламыздың негізгі мәселелері мен проблемаларын шешуге бағытталған қалалық бюджетке ұсынылып отырған түзетулер туралы хабарлап өтейін.
Сонымен қатар, біз мұғалімдерге ғылыми дәрежелері, тәлімгерлік, кешкі уақытта және мектепке дейінгі оқыту үшін қосымша ақы төлеу (1,7 млрд. теңге) арқылы педагогтерге қолдау көрсетеміз. Өйткені бұл шығындар қазіргі жан басына қаржыландыру шығыстарына кірмейді.
Бұдан басқа, мемлекеттік білім беру ұйымдарының жылу бойынша берешегін өтеу үшін біз 2 млрд. теңгені коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге жібереміз.
Бұл бастаманы алматылықтар жақсы бағалап отырғанын айта кету қажет. «Өтініштер легі» өте көп.
Бұл 2,6 млрд. теңге сомасына кредиттік берешектің қалыптасуына себеп болды (1,7 млрд. тг. – спорт,
900 млн. тг. - мәдениет).
Осыған байланысты, Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында біз қосымша 4,5 млрд. теңге қарастырып отырмыз. Оның 3 млрд. теңгесі спорт секцияларына және
1,5 млрд. теңгесі шығармашылық үйірмелерге бөлінеді.
Бұл ретте, ARTSPORTEDU.KZ бағдарламасының өзінде балалардың, өнім берушілердің деректерін тексеруге, мемлекеттік органдардың деректер базасымен толық интеграцияның болмауына байланысты проблемалар бар.
Жуырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мәдениет және спорт, оқу-ағарту министрліктеріне қазіргі кемшіліктерді жойып, балаларға арналған мемлекеттік тапсырыс берудің жаңа ережелерін әзірлеуді тапсырды.
Жазғы мектеп демалысын ескере отырып, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Алматы қаласы өзіне алған барлық міндеттемелерін орындайды.
Бұл мақсатқа қосымша 382 млн. теңге бөлінеді, жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгені құрайтын болады.
Халықты әлеуметтік қолдауға барлығы 2,3 млрд. теңге қосымша қаражат қарастырылған.
Алматы бюджетіне ұсынылатын түзетулер аясында барлығы 88,2 млрд. теңге қосымша қаржы бөлу ұсынылады.
ЕКІНШІ. Сирек кездесетін аурулары бар адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 18 нозология бойынша (103 пациент, оның 73-і бала) орфандық препараттарды сатып алуға 1 млрд. теңгеден астам (1,039 млрд. теңге) қосымша қаржыландыруға қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Осы мақсаттарға арналған жалпы бюджет осы жылы
7,6 млрд. теңгеге құрайды.
ҮШІНШІ. Қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелердің бірі қала құрылысы, мегаполисте нүктелік және тығыз құрылысқа тыйым салу болып табылады.
Осы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы тұрғын үй кешендерінің жанынан көпқабатты үйлердің тығыз салынуын тоқтатып, әлеуметтік инфрақұрылым, скверлер мен балалар спорт алаңдарын салуға назар аударуды тапсырды.
Осыған байланысты, Алматы әкімдігі Алматы қаласы аумағының функционалдық аймақтарын салудың қала құрылысы регламенттерін іске асырудың жаңа жоспарын әзірледі. Оны біз сарапшылар қауымдастығымен талқыладық. Бүгін Сіздердің қарауларыңызға мынадай негізгі бағыттарды ұсынамыз:
Бұл үшін біз құрылыс салушыларға қойылатын міндетті талаптарды және жобаларды қоғамдық талқылаудан өткізу, сондай-ақ орналасқан жеріне қарамастан, 5 қабаттан асатын барлық ғимараттар мен құрылыстар үшін Қала құрылысы кеңесінің оң қорытындысын алу шарттарын бекітуді ұсынамыз.
Бұл ретте, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтарында жерді ауыл шаруашылығы мақсаттарына пайдалану заңнамада көзделмеген. Бұл жер иелерінің бағбандық үшін ұсақ учаскелерге бөліп, одан әрі сатуына алып келді. Осылайша негізгі әлеуметтік объектілерсіз құрылыстың бейберекет салынуына жағдай жасады.
Осыған байланысты, коллизия мен бейберекет құрылыстарды болдырмау үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлуге тыйым салынады.
Сіздердің қолдауларыңызды сұраймын.