Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы Алмас Батановтың VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII сессиясында 2022 жылға арналған бюджетті нақтылау бойынша сөйлеген сөзінің мәтіні

Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Бүгін Сіздің түзетулер бойынша сындарлы ұсыныстарыңызды, сондай-ақ қала Әкімінің аудан тұрғындарымен есептік кездесулерінде айтылған ұсыныстарын ескере отырып, қалыптастырылған бюджетті  нақтылау жобасы енгізілуде.

Құрметті депутаттар және қоғамдық кеңес мүшелері, бірінші кезекте бюджетті нақтылау үшін басым іс-шараларды қалыптастыру және іріктеу бойынша бірлескен жұмыс үшін сіздерге алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.

Нақтылау  барысында көп жұмыстар атқарылды, қызу талқылаулар болды, мемлекеттік органдардың барлық бюджеттік өтінімдері мәслихаттың бюджеттік және салалық комиссияларында қаралды.

Жалпы, бюджетті нақтылау:

  • бюджеттің кіріс бөлігін 64,3 млрд. теңгеге асыра орындау есебінен;
  • былтырғы жылғы 8,8 млрд. теңге бос қалған қаражатты пайдалану есебінен;
  • бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында 15,1 млрд. теңге сомасында бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу (Мемлекеттік сатып алудан үнемдеу - 2,6 млрд. теңге, алып тастау-12,5 млрд. теңге) есебінен жүргізілуде.

Бұл қаражат қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады.

Жалпы, әлеуметтік салаға бюджет шығыстарының 36,7%-ы бағытталады, бұл шамамен 32,4 млрд. теңге.

Білім беру саласына 14,3 млрд. теңге қарастырылған.

Жергілікті бюджеттен коммуналдық қызметтерге, мұғалімдердің жалақысына қосымша ақылар үшін 3,7 млрд. теңге қарастырылған;

Жаңа оқу жылында Қалқаман (1800 оқу орны), Саялы (1800 оқу орны), Томирис (1500 оқу орны) шағын аудандарында 3 жаңа мектеп ашу жоспарлануда. Осы оқу орындарын қамтамассыз ету үшін жыл соңына дейін 308 млн. теңге бөлінеді;

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында 1 500 орындық 5 мектептің құрылысы жүргізілуде. Осы құрылыстарды жалғастыру үшін 5,5 млрд. теңге көзделетін болады;

260 орындық балабақшаның құрылысын бастауға (Жас - Қанат ы/а.), 720 орындық кәсіби техникалық 6 мектеп пен 1 балабақшаны сейсмикалық нығайтуға және мектептің қосалқы ғимаратын қайта жаңартуға 2,9 млрд. теңге;

16 әлеуметтік нысанның (12 мектеп, 4 балабақша) ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеуге 19 млн. теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, құрметті депутаттар Сіздердің ұсынымдарыңыз бойынша Бостандық және Түрксіб аудандарындағы 189-і және 83-і мектеп ғимараттарын және Әуезов ауданындағы №9-ы спорт мектебін қайта жаңарту бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаражат қарастырылуда.

        Денсаулық сақтау саласына жалпы 6,5 млрд. теңге қарастырылған.

Сирек кездесетін (орфандық) аурулардың 16 түрі бойынша 103-тен астам емделушіні тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда;

Кеңейтілген медициналық көмек көрсету мақсатында Кемел, Қарасу, Саялы ықшам аудандарында 200 келушіге, ал Нұршашқан шағын ауданында 100 келушіге арналған СВА (отбасылық дәрігерлік амбулатория) салу жоспарланған, жалпы сомасы 850 млн. теңге;

Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы жалғасуда. Бұған жергілікті бюджеттен 1,9 млрд. теңге қарастырылған;

Сондай-ақ, жалпы сомасы 24,4 млн. теңгеге 15 денсаулық сақтау объектісін салу және реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат көзделген.

Бұдан бөлек, Бостандық ауданында емхана салу үшін жалпы сомасы 2,2 млрд. теңгеге 2 жер учаскесін сатып алу жоспарлануда.

Халықты әлеуметтік қолдауға 2,3 млрд. теңге қарастырылған.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тегін тасымалдаумен (инватакси) қосымша қамту үшін (46 бірліктен 100 бірлікке дейін ұлғайту) 244,3 млн. теңге бөлінеді;

Қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, оларды қоғамдық өмірге тарту мақсатында Алмалы ауданында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын» ашу жоспарлануда. Оған осы нақтылау шеңберінде 168,7 млн. теңге көзделген.

Сондай-ақ, зейнеткерлерге арналған 3 орталықтың, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған 5 орталықтың және тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған 1 орталықтың үздіксіз жұмыс істеуі үшін 4 мыңнан астам қызмет алушыны қамтуға 202,4 млн. теңге жоспарланған.

Мәдениет, спорт және туризм саласына 9,3 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде:

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында балалар спорты мен шығармашылығы саласын қаржыландыру жалғасады. Осылайша, бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.

Кітапхана жүйесінің, театр және музыка өнерінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қамтамасыз етуге 154,4 млн. теңге жоспарланған;

Дамуында ерекшеліктері бар балаларды бейімделген тау шаңғысында сырғанауға үйретуге 45,8 млн. теңге қарастырылған;

Сонымен қатар, Кемел, Айнабұлақ, Құлагер шағын аудандарында 3 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (ФОК) ашу жоспарланған. Оларды жабдықтау мен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 322,6 млн. теңге қарастырылған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ЖКХ) саласына қосымша қажеттілік 16,9 млрд. теңгені құрайды.

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға тұрғын үй (1050 пәтер) сатып алу үшін 9,7 млрд. теңге жоспарланған;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың 7 объектісі үшін инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 1,6 млрд. теңге көзделген;

Сондай-ақ, Наурызбай ауданының тұрғын үй кешендерінде (Премьера, Елім-Ай, Елисей алаңдары) 100 мың тұрғынға арналған жылумен жабдықтау қазандықтарының қуатын ұлғайта отырып кеңейту аяқталуда. Бұл мақсатқа 2,4 млрд. теңге жоспарланған;

Бостандық ауданының тұрғындарын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында Ганди көшесіндегі жылу магистралін қайта жөндеуге 976 млн. теңге қарастырылған;

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Шаңырақ-1, Алғабас шағын аудандарының 73 мың тұрғыны үшін сумен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жалпы сомасы 1,1 млрд.теңгеге.

Қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға 5,1 млрд.теңге қарастырылған.

Апатты ағаштарды кесу, жасыл қорды сақтау және ұлғайтуға арналған қалалық бағдарлама шеңберінде 5 мың ағашты кесіп, кейінен 50 мың ағашты өтемдік отырғызу жоспарланған. Бұл мақсаттарға 1 млрд. теңге көзделеді;

Алатау, Алмалы және Әуезов аудандарында 16 жасыл аймақты, скверлер мен аулаларды және шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеуге 1,1 млрд. теңге қарастырылған;

Өздеріңізге белгілі, жақында болған нөсерлер қаланың арық жүйесіндегі проблемалық учаскелерді анықтауға мүмкіндік берді.

Қала көшелерін су басу проблемаларын шешу мақсатында арық желісі мен нөсер кәрізін (ұзындығы 186,5 км) салуды және қалпына келтіруді бастауға жалпы сомасы 800 млн. теңге көзделген.

Қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға 13,6 млрд. теңге бағытталады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін (жол белгілерін салу) қосымша 500 млн. теңге қарастырылған;

Бұқтырма-Құлжа көлік айрығының құрылысын аяқтауға 2,4 млрд. теңге қарастырылған;

Жолдарды орта және ағымдағы жөндеуге 1,7 млрд. теңге бөлінеді;

6,3 млрд.теңге 50 троллейбус сатып алуға бағытталады, бұл қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді.

Бұдан басқа, бірінші кезекте қажетті тауарлардың (қант, көкөністер, жұмыртқа, сары май және сиыр еті) бағасын тұрақтандыру және реттеу үшін 4 млрд.теңге көзделген.

 

Құрметті депутаттар!

Жалпы, сіздермен бірлескен жұмысымыз қаланың өткір мәселелерін шешуге бағытталған. Бүгін ұсынылған бюджет қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге ықпал етеді деп сенімдімін.

Осы бюджетті нақтылауды қолдауды сұраймын (1 трлн. 253,5 млрд.теңге).

Назарларыңызға рахмет!

 

Дата публикации
20 июня 2022
Дата обновления
20 июня 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы