Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы Алмас Батановтың VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII сессиясында 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы бойынша сөйлеген сөзінің мәтіні

Құрметті депутаттар!

       

Сіздерге Алматы қаласының 2021 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Қала бюджетінің кіріс бөлігіне 1 трлн. 127,4 млрд. теңге түсім кезінде, шығыстар 1 трлн. 040,7 млрд. теңгені құрады.

Жергілікті кіріс көздерінің түсімі жоспардағы 750,9 млрд. теңге кезінде 75,4 млрд. теңгеге асыра орындалды немесе жоспардан 110%.

Шығыстар, жоспардағы 1 трлн. 051,9 млрд. теңге кезінде 1 040,7 млрд. теңгеге орындалды.

Үнемдеу сомасын ескере отырып, нақты игеру 1 трлн. 044,5 млрд. теңгені немесе 99,3% құрады.

2021 жылғы атқарылған жұмыстар туралы, яғни функционалдық топтар мен салалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің істеген істері жөнінде баяндауды рұқсат етіңіздер.

 

Білім беру саласы бойынша:

Барлығы 860 мектепке дейінгі ұйымдар (71 538 бала) қаржылай қамтамасыз етілді (оның ішінде: 670 жекеменшік, 190 мемлекеттік) және Ақжар, Таусамалы шағын аудандарда 2 балабақшаның (120 орыннан) құрылысы аяқталды, 3 жаңа мектеп (5 100 орындық) (Қалқаман ш/а 1 800 орындық,  Томирис ш/а 1 500 орындық және Саялы ш/а 1 800 орындық) және мектептерге 17 қосалқы құрылысы (7 963 орындық) салынды.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша:

Атаулы әлеуметтік көмек 5 674 отбасына (27 740 адам) көрсетілді, 8 827 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет (балалар тағамы және тұрмыстық химия жиынтығы) және халықтың әлеуметтік осал топтарына  1 710 отбасына тұрғын үй көмегі ұсынылды.

Әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй алу кезінде бастапқы жарна үшін 472 тұрғын үй сертификаты берілді.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша:

«Жас Қанат» шағын ауданда және «Alma City-5» тұрғын үй кешенінде 2 935 пәтерлі 62 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді (тұрғын ауданы 98,9 мың ш.м.).

Су құбыры және кәріздің 310 км желісі салынды. Жабық футбол манежіне күрделі жөндеу жүргізілді және ұзындығы 20 км арық желілері жөнделді.

«Алматы Жастары 3.0» бағдарламасы шеңберінде 1 000 қатысушыға тұрғын үйге несиелер берілді және  халық қатысу бюджетінің 256 жобасы іске асырылды.

 

Мәдениет, спорт, туризм бойынша:

804 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді. 8 «Алматы жастары» орталығы, 100 демалыс (досуговый центр) орталықтары (257 үйірме мен секциялар) жастар, балалар және жасөспірімдер үшін және спорттың 37 түрі бойынша жан басылық тапсырыс (подушевое) шеңберінде секциялар ашылды.

Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 5 тау соқпағы (ұзындығы 87 шақырымнан астам) абаттандырылды, 1 кемпинг-аймағы құрылды.

 

Отын-энергетика кешені бойынша:

Жылу және электрмен жабдықтаудың 8 нысанын салу мен реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталды.

 

Қоршаған ортаны қорғау бойынша:

Тиксай өзені арналарының учаскелерін реконструкциялау аяқталды (1,15 км.). 215,3 мың көшет отырғызылды, 19 жаңа экологиялық бекет, 1 жылжымалы экологиялық зертхана және 3 жылжымалы экологиялық бекет орнатылды.

Көлік бойынша:

Қала бойынша 30,7 км автокөлік жолдары және 23 көппәтерлі тұрғын үйге кіреберіс жол салынды (Момышұлы және Мөңке би көшелері). Ұзындығы 201 км болатын жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. Жол қозғалысын басқарудың жаңартылған автоматтандырылған жүйесіне (АСУДД) қосылған 10 бағдаршам нысаны орнатылды.

 

Сондай-ақ өзге де шығындар бойынша:

Бірыңғай диспетчерлік қызмет ғимаратын және өрт сөндіру депосын пайдалануға қабылданды. 142 үйде 317 лифт ауыстырылды (аудандар бойынша: Алмалы – 105, Әуезов – 117, Бостандық – 87, Жетісу – 3, Медеу – 5443).

 

Бұл 2021 жылғы жасалғанның аз бөлігі. Алматы қаласы Қаржы басқармасы басқармалар алдына қойылған жаңа міндеттерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің бюджеттің тиімді, толық игерілуін бақылауды күшейтеді және Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясаты шеңберінде жоспарларды іске асыратын болады.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
20 июня 2022
Дата обновления
20 июня 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы