
Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!
Құрметті депутаттар!
Қазақстан Респубикасының заңнамасына сәйкес жыл сайын Тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп-қорытынды дайындайды.
Осыған байланысты, Алматы қаласының жергілікті бюджетінің 2021 жылы атқарылуына бағалауды, сондай-ақ Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындысын ұсынуға рұқсат етіңіз.
1-слайд. Түсімдердің атқарылуын бағалау
2021 жылы жергілікті бюджеттің түсімдері 1 127,4 млрд. теңгені құрады, есепті кезеңнің басында бюджет қаражатының қалдықтарын ескере отырып (84,3 млрд. теңге) кіріс 1 043,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
2-слайд. Жергілікті бюджеттің кірістері
2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылғы салық түсімдері 176,1 млрд. теңгеге немесе 28,7%-ке көп.
Салықтық түсімдердің құрылымында негізгі үлесті мыналар құрайды:
Салықтық емес түсімдердің негізгі үлесі әкімшілік айыппұлдарға тиесілі - 11,9 млрд.теңге.
3-слайд. Шығыстардың атқарылуын бағалау
2021 жылы шығыстар 1 040,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 5,1%-ке артық.
Орындалмау сомасы 11,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы – 3,4 млрд. теңге, Қалалық мобилділік басқармасы – 3,3 млрд. теңге, Құрылыс басқармасы – 1,5 млрд. теңге, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы – 0,6 млрд. теңге, Білім басқармасы – 1,2 млрд. теңге.
Бұл ретте, 11,2 млрд. теңгеден: игерілмеу – 7,4 млрд. теңге, бюджет қаражатын үнемдеу – 3,7 млрд. теңге (мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша – 1 108,3 млн. теңге, еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу – 122,5 млн. теңге, орындалған жұмыстар (қызметтер) бойынша түпкілікті төлем кезінде үнемдеу – 2 493,6 млн. теңге);
- Үкімет резервінің бөлінбеген қалдығы – 100,0 млн.теңге (төтенше жағдайға арналған бюджет).
* Бюджетті соңғы нақтылау 2021 жылдың қараша айында өткізілді.
4-слайд. Бюджеттің құрылымы
млн. теңге
|
№ п/п |
Наименование показателей |
Утв. бюджет |
Уточ. бюджет |
Скорр. бюджет |
Факт-е исп-е |
Откл-е |
% исп-я |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
I |
ДОХОДЫ |
812 650,5 |
915 854,2 |
925 269,2 |
1 000 710,3 |
75 441,1 |
108,2 |
|
|
1 |
Налоговые поступления |
604 326,6 |
714 932,9 |
714 932,9 |
790 056,6 |
75 123,6 |
110,5 |
|
|
2 |
Неналоговые поступления |
1 398,7 |
14 570,7 |
14 570,7 |
15 517,8 |
947,1 |
106,5 |
|
|
3 |
Поступления от продажи основного капитала |
64 128,4 |
21 429,8 |
21 429,8 |
20 800,2 |
-629,6 |
97,1 |
|
|
4 |
Поступления трансфертов из республиканского бюджета |
142 796,8 |
164 920,8 |
174 335,8 |
174 335,8 |
0,0 |
100,0 |
|
|
|
Целевые текущие трансферты |
93 527,4 |
94 492,8 |
104 767,8 |
104 767,8 |
0,0 |
100,0 |
|
|
|
Целевые трансферты на развитие |
49 269,4 |
70 427,9 |
69 567,9 |
69 567,9 |
0,0 |
100,0 |
|
|
II |
ЗАТРАТЫ |
793 629,6 |
951 562,3 |
950 056,6 |
938 826,7 |
-11 229,9 |
98,8 |
|
|
III |
Чистое бюджетное кредитование |
6 123,7 |
20 533,8 |
20 533,8 |
20 533,8 |
0,0 |
100,0 |
|
|
1 |
Бюджетные кредиты |
6 507,3 |
21 855,3 |
21 855,3 |
21 855,3 |
0,0 |
100,0 |
|
|
2 |
Погашение бюджетных кредитов |
383,6 |
1 321,6 |
1 321,6 |
1 321,6 |
0,0 |
100,0 |
|
|
IV |
Сальдо по операциям с финансовыми активами |
14 817,7 |
21 638,2 |
21 638,2 |
21 577,4 |
-60,9 |
99,7 |
|
|
1 |
Приобретение финансовых активов |
15 020,1 |
21 925,2 |
21 925,2 |
21 925,2 |
0,0 |
100,0 |
|
|
2 |
Поступление от продажи финансовых активов государства |
202,4 |
287,0 |
287,0 |
347,9 |
60,9 |
121,2 |
|
|
V |
ДЕФИЦИТ (ПРОФИЦИТ) БЮДЖЕТА |
-1 920,6 |
-77 880,1 |
-66 959,4 |
19 772,6 |
86,7 |
-29,5 |
|
|
VI |
ФИНАНСИРОВАНИЕ ДЕФИЦИТА (ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ПРОФИЦИТА) БЮДЖЕТА |
1 920,6 |
77 880,1 |
66 959,4 |
-19 772,6 |
-86,7 |
-29,5 |
|
|
1 |
Поступление займов |
9 716,1 |
40 727,1 |
40 727,1 |
40 727,1 |
0,0 |
100,0 |
|
|
2 |
Погашение займов |
7 795,6 |
58 103,6 |
58 103,6 |
58 103,6 |
0,0 |
100,0 |
|
|
|
Используемые остатки бюджетных средств |
0,0 |
95 256,6 |
84 335,7 |
-2 396,1 |
-86 731,9 |
-2,8 |
|
|
|
Остаток бюджетных средств на начало года |
х |
х |
х |
84 335,7 |
х |
х |
|
|
|
Остаток бюджетных средств на конец отчетного периода |
х |
х |
х |
86 731,9 |
х |
х |
Бюджет құрылымынан көріп отырғанымыздай, даму бағдарламаларының үлесі 18%-ті (190,1 млрд. теңге), ағымдағы бағдарламалардың үлесі 82%-ті (850,6 млрд. теңге) құрайды.
Қаланың әлеуметтік объектілерді салуға деген қажеттіліктерін ескере отырып, ағымдағы бағдарламаларға қарай ауытқу тиімсіз жоспарлауды көрсетеді.
Оның үстіне, бюджет қаражатының қалдықтары есебінен
58,1 млрд. теңге сомасына бағалы қағаздар мерзімінен бұрын өтелді (Шаңырақ жобасы шеңберінде 2021 жылғы 29 желтоқсанда 50 млрд. теңге және НұрлыЖер бойынша ағымдағы төлемдер 2021 жылғы 3 мамырда 8 млрд. теңге мерзімінен бұрын өтелді).
Бұл ретте, есепті кезеңнің соңында бос қалдықтар
86,7 млрд. теңгені құрады (жылдың басында 84,3 млрд. теңгені құрады).
Бұл сапасыз жоспарлауды, бюджет қаражатының игерілмеуін көрсетеді, сондай-ақ қаланың салық салу базасының төмендеуіне алып келуі ықтимал.
* Қала бюджеті 5 рет нақтыланды (2021 жылғы 14 желтоқсандағы түзетулерді ескергенде).
5-слайд. Кредиторлық және дебиторлық берешек
2021 жылы кредиторлық берешек 13,0 млрд. теңгені
(20 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша) құрады, бұл 2020 жылмен (12,5 млрд. теңге) салыстырғанда 4,2%-ке артық.
Әкімшілердің бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауы кредиторлық берешектің қалыптасуына себеп болды.
Келесі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша кредиторлық берешектің негізгі сомасы:
- Жер қатынастары басқармасы 4,4 млрд. теңге немесе 34,2% (мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алуға арналған төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты);
- Қалалық мобилділік басқармасы 3,4 млрд. теңге немесе 25,8% (төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты) (2022 жылдың 1-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау өтелді);
- Құрылыс басқармасы 2,4 млрд. теңге немесе 18,5% (салыстыру актілері бойынша анықталған берешек – 2 387,1 млн. теңге, қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттың жетіспеуіне байланысты – 16,8 млн. теңге, өзге берешек – 0,3 мың теңге) (2,1 млрд. білім беру объектілерін Мектеп салуға, 2022 жылдың 1-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша өтелді);
- Қоғамдық денсаулық басқармасы 1,6 млрд. теңге немесе 12,6% (салыстыру актілері бойынша анықталған берешек) (вакциналарды сатып алу, республикалық бюджет трансферттері есебінен қаржыландыру жүзеге асырылмаған).
19 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша дебиторлық берешек 28,9 млрд. теңге сомасында қалыптасты (оның ішінде өткен кезеңдердің қалдығы 17,6 млрд. теңге), бұл өткен жылдың деңгейінен 14,9 млрд. теңгеге немесе 51,9%-ке аз (2020 жылы – 43,9 млрд. теңге).
Мердігерлердің міндеттемелерін орындамауы дебиторлық берешектің пайда болуының негізгі себептері болып табылады.
Дебиторлық берешектің ең көп сомасы мынадай бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінде:
– Құрылыс басқармасы – 20,1 млрд. теңге немесе 69,4% (берешекті өтеу бойынша сот шешімдерінің орындалмауына байланысты өткен жылдардың ауыспалы (көп жылдық) шарттары бойынша берешек, сондай-ақ шарттардың талаптары бойынша 2021 жылға алдын ала төлем) (білім беру, тұрғын үй, денсаулық сақтау, спорт объектілерінің құрылысына аванс беру);
- Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы – 7,1 млрд. теңге немесе 24,7% (өткен жылдардың ауыспалы (көпжылдық) шарттары бойынша берешек);
6-слайд. Бюджеттік инвестициялық бағдарламаларды іске асыру
2021 жылы 190,1 млрд. теңге сомасына 386 бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі - БИЖ) іске асырылды.
2020 жылы 317,3 млрд. теңге сомасына 456 бюджетітк инвестициялық жоба іске асырылды.
Бұл ретте, 2021 жылы қаланың коммуналдық меншігіне жалпы сомасы 92,1 млрд. теңгеге салынған барлығы 215 объект қабылданды.
Бұған әкімшілер тарапынан құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне тиісті бақылаудың болмауы себеп болып табылады.
Бұл нәтижелерге қол жеткізілмеуіне, салынған объектілердің тоқтап қалуына, сондай-ақ оларды аяқтауға қосымша шығындардың болуына алып әкеледі.
Мысалы, Құрылыс басқармасы 38 млрд. теңге сомасына
61 объектіні коммуналдық меншікке берген жоқ (2013-2020 жылдар кезеңінде салынған).
Жер қатынастары басқармасы (2017-2021 жылдар ішінде)
18,8 млрд. теңге сомасына тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің балансына жер учаскелерін берген жоқ;
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында 2016 жылдан бері аяқталмаған «Газ автобус паркінің құрылысы» бюджеттік инвестициялық жобасы (құны 5 млрд. теңге). Осы уақытқа дейін Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қазынашылық шоттарында 1,7 млрд. теңге мөлшеріндегі игерілмеген сома бар.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасында құны 3,6 млрд. теңгеге сумен жабдықтау және канализация объектілерін реконструкциялаудың 10 жобасы (2015-2020 жылдары іске асырылған) қосылмағандықтан жұмыс істемейді.
7-слайд. Квазимемлекеттік сектор жұмысының тиімділігін бағалау
Жалпы, Алматы қаласы бойынша квазимемлекеттік сектор құрылымында 17,8 млрд.теңге сомасына 15 кәсіпорын шығынданып, 13,8 млрд. теңге сомасына 84 кәсіпорын табысты болып, 232 кәсіпорын нөлдік нәтижемен жұмыс істеуде.
Негізгі шығындар Метрополитенге - 5,3 млрд.теңге, Алматы жылу желілеріне - 1,9 млрд. теңге, Спорттық-мәдени кешенге (Балуан Шолақ) - 769,1 млн. теңге тиесілі.
Тұтастай алғанда, барлық квазимемлекеттік сектордың шоғырландырылған залалын қысқартудың оң серпіні байқалады (2020 жылы (-13,5) млрд.теңгені, 2021 жылы (-4,0) млрд. теңгеге дейін құрады).
8-слайд. Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындысы
Есепті кезеңде Тексеру комиссиясы 52 объектіде 18 аудиторлық іс-шара өткізді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 120,9 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
1) 45,5 млрд. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде:
- өтеуге жататындар 6,8 млрд. теңге;
- қалпына келтіруге жататын жұмыстар 1,0 млрд. теңге;
- бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататындар 37,8 млрд. теңге;
2) 28,8 млрд. теңгеге тиімсіз жоспарлау (түпкілікті нәтижеге қол жеткізбей, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 15,6 млрд. теңге, Құрылыс басқармасы 11,9 млрд. теңге бюджет қаражатын жұмсаған).
З) 46,5 млрд. теңге сомасына бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану (Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 21,9 млрд. теңгеге реконструкцияланған объектілер бойынша абоненттерді жылу желілеріне қоспаған, Құрылыс басқармасы 3,7 млрд. теңгеге объектілердің теңгерімдік құнын толық есептен шығармаған (шығындарды амортизация сомасына арттыру бөлігінде).
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 120,9 млрд.теңгенің 4,9 млрд. теңгесі қалпына келтірілді және өтелді, оның ішінде аудит барысында 842,9 млн. теңге өтелді.
- 823,6 млн. теңге бюджет кірісіне өтелді;
- 3,3 млн. теңге кассаға өтелді;
- 40,8 млн. теңге қалпына келтірілді;
- есепке алу бойынша 4 020,0 млн. теңге қалпына келтірілді;
Аудит объектілеріне нұсқамаларды орындау мерзімі қала әкімдігінің ғимаратындағы өртке, сондай-ақ сот талқылауларына байланысты ұзартылды.
Әкімшілік жауапкершілікке жалпы сомасы 7,9 млн.теңгеге 30 тұлға тартылды (10 лауазымды және 20 заңды тұлға).
Тәртіптік жауапкершілікке 34 тұлға тартылды (ескерту – 17, сөгіс – 15, қатаң сөгіс – 2).
Құқық қорғау органдарына 5 материал берілді, оның ішінде:
1) Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны – сотқа дейінгі тергеу.
2) Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – сотқа дейінгі тергеу.
3) «Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны - сотқа дейінгі тергеу.
4) «Алматы қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі – сотқа дейінгі тергеу.
5) «Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - зерттеу сатысында.
9-слайд. Мемлекеттік аудит жүйесін дамыту
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясатты іске асыру және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту аясында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіруді тапсырды.
Жыл сайын мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану түріндегі жүйелі бұзушылықтар анықталады.
Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының жұмысында қазынашылық, сатып алу және шоғырландырылған қаржылық есептіліктің ақпараттық жүйелеріне қашықтан қол жеткізілмейтіндіктен, елеулі кемшіліктер бар.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Тексеру комиссиясы бюджетті жоспарлау мен игерудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдерді енгізуді жоспарлауда.
Электрондық аудитке көшу бюджеттің атқарылуына алдын ала бақылау жасау, тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, бұзушылықтардың себептерін талдау практикасына көшуге мүмкіндік береді.
Назарларыңызға рақмет,
қолдау көрсететіндеріңізге сенемін.