Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі баяндамасы

Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!

Сіздерді біздің Медеу ауданындағы кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.

Медеу ауданы біздің қаламыздың іскерлік, мәдени және туристік орталығы болып табылады. Аудан мегаполистегі сауда айналымы (26,3%) мен салықтың төрттен бір бөлігінен астамын (27,3%) қамтамасыз етеді.

Бүгінде аудан 37% аумақты алып жатыр (683 км2-ден 253 км2), мұнда 225 мыңнан астам адам тұрады.

Ауданда орташа жалақы орташа қалалық жалақыдан 25%-ке жоғары (409,5 мың теңге, қала бойынша орташа – 327,5 мың теңге).

Рахат, Полиграфкомбинат және Дәуір сияқты кәсіпорындар ауданның өнеркәсіптік әлеуетін құрайды, сондай-ақ 30 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді (Алматыда 4-ші орын).

Жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Бұған өткен жылмен салыстырғанда салық түсімдерінің 65%-ке артуы дәлел (449 млрд.теңгеге дейін).

Жаңадан қосылған аумақтарды (Көлсай, Сұлусай, Аққайын шағын аудандары) қоса алғанда, Медеу ауданында өмір сүру жайлылығын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау және су бұру, электрмен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту неғұрлым өзекті мәселелер болып табылады.

 

БІРІНШІ. Қазіргі уақытта Мұзтау, Көлсай, Сұлусай және Кеңсай шағын аудандарында орталық су жүйесі мен су көзі жоқ.

1) 2021 жылы «Мұзтау» және «Көлсай» шағын аудандарында  32 км. сумен жабдықтау және су бұрудың таратушы желілері салынды.

Қазір осы шағын аудандарды су көзімен қамтамасыз ету үшін «Балқаш» су жинау станциясына дейін жалғаушы магистральдық желі жобасы әзірленіп жатыр. Жобалау құжаттары осы жылдың тамыз айында дайын болады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылдың көктемгі кезеңінде (2023 жылғы сәуір) басталады.

2) «Сұлусай» шағын ауданы бойынша «Алматы Су» осы жылдың тамыз айында магистральдық су құбыры және канализация желілерін салу жобасын аяқтайды. Скважиналар қазылады.

Жобаны іске асыру 2023 жылға жоспарланған. «Сұлусай» шағын ауданының оңтүстік бөлігінде скважиналар қазылады (ең жоғары нүктесі).

3) «Кеңсай» шағын ауданындағы М.Шоқай және Сәрсенбаев көшелеріне сумен жадбықтау мен су бұрудың магистральдық  желілерін салу жобасы әзірленді. Құрылысы 2023 жылға жоспарланған.

Алайда, бау-бақша серіктестіктерінде көшелердің тар болуынан жеті метрлік инженерлік дәліз жүргізілмеген.  Сондықтан  тарату желілерін салуға мүмкіндік жоқ. Жобаны іске асыру тұрғындардың өздеріне байланысты. Сіздер қажетті дәлізді ұсынатын болсаңыздар біз бірден сумен жабдықтау және канализация желілерін сала аламыз.

4) «Каменское плато» шағын ауданы ішінара сумен қамтамасыз етілген.

Биыл 3 учаскедегі насос станциялары мен резервуарлардың құрылысы аяқталады. Бүгінде жұмыстардың 80% аяқталды.

Шағын ауданға ұзындығы 15 км таратушы су желісін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Мұнда да Кеңсай шағын ауданындағы сияқты көшелер тар. Жеті метрлік инженерлік дәліз болмағандықтан желілерді салу мүмкін емес.

 

ЕКІНШІ. Тұрақты электрмен жабдықтау, әсіресе «Кеңсай» және «Каменское плато» шағын аудандарын қамтамасыз ету өзекті мәселе болып отыр. 

Қазіргі уақытта осы шағын аудандарында электр желілерін реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. 2022 жылдың соңына дейін 11 трансформаторлық қолалқы станция мен 35 км электр желісін реконструкциялау жоспарланған. Нәтижесінде «Кеңсай» және «Каменское плато» шағын аудандарында элетрмен қамтамасыз ету 60%-тен 85%-ке дейін артады.

Қалған учаскелер бойынша шілде айының соңына дейін техникалық аудит жүргізіледі. Нәтижесіне қарай тарату және трансформаторлық ескі подстанцияларды жаңасына ауыстыру үшін қаражат бөлу мәселесін қарастыратын боламыз.

 

ҮШІНШІ. Халықтың тығыз қоныстануынан бос жер учаскелері жоқ. Сондықтан Медеу ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымның қазіргі жағдайы алаңдатады.  

Денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық көмек көрсететін объектілермен қамтамасыз ету өзекті болып отыр.

Анықтама үшін: Медеу ауданының денсаулық сақтау жүйесінде барлығы 21 мемлекеттік мекеме және 11 жеке медициналық ұйым жұмыс істейді.

219 мың адам тіркелген.

 

«Кеңсай», «Көлсай», «Сұлусай» шағын аудандарында жақын орналасқан медициналық объектілер жоқ. 

Бүгінде осы елді мекендердің 8 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмек алу үшін 10 км шалғайда орналасқан  №5 қалалық аурухананың емханасына және №2 қалалық емханаға баруға мәжбүр.

1) «Кеңсай» тұрғындарына қызмет көрсететін жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны ашу үшін ғимарат сатып алынды. Қаражат бөлінді. Ғимарат 2022 жылдың соңына дейін жөнделеді.

2) «Көлсай» және «Сұлусай» шағын аудандарындағы фельдшерлік-амбулаториялық пункттер осы шілде айында демеушілер қаражаты есебінен жөнделеді. Күтіп-ұстау мен қаржыландыру жергілікті бюджеттен қамтамасыз етіледі.

3) «Думан» шағын ауданында 1 отбасылық-дәрігерлік амбулатория (60 адам қабылдау)  қызмет көрсетеді. Медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауысымына 500 адам қабылдайтын жаңа заманауи емхана салу жоспарланған. Жер учаскесі анықталды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қаражат бөлінді. Құрылысы 2023 жылы басталады.

2023 жылдың 1-ші тоқсанының соңына дейін «Алатау» қалалық ауруханасын күрделі жөндеу, №4 жедел жәрдем станциясы үшін ғимаратты бұзып, жаңасын салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтауды көздеп отырмыз.

 

Мектеп және мектепке дейінгі білім беру

Бүгінде Медеу ауданының мектептері мен бала бақшаларында 4,5 мыңнан орын жетіспейді.

1) Әсіресе бұл қала орталығындағы және тұрғын үйлер көптеп салынып жатқан «Думан» шағын ауданындағы  мектептерде (№35, 56, 159 және т.б.) байқалады. 

Анықтама үшін: Ауданның білім беру жүйесін 28 мемлекеттік және 19 жеке меншік мектеп құрайды, жалпы 33 005 оқушы бар.

Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 18 бала бақша мен 89 жеке меншік бала бақшадан тұрады. Тәрбиеленушілердің жалпы саны 6 952 бала.

 

Биыл Медеу ауданындағы 2 мектепте күрделі жөндеу жүрып жатыр.

Аталған мәселені шешу үшін № 48 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде, жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

Және № 131 лицей ғимаратын сейсмикалық күшейту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар 2023 жылдың тамыз айында аяқталады.

Сондай-ақ, №4 мектеп ғимаратына жобалық қуаты 600 орындық қосымша құрылыстар салу мәселесі пысықталуда. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, жерді сатып алу қажет. Құрылысты 2024 жылы аяқтау жоспарлануда.

 

2)  Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 бала бақшада (№141, №114, 116) күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, қуаты  135 орынға ұлғайды.

Сонымен қатар бұл мәселе жеке инвесторлар есебінен шешілуде. Биыл 357 орындық 7 бала бақша ашылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ке көп (306 орындық 6 бала бақша).

Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін 200 орындық 5 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарда бар.

 

ТӨРТІНШІ. Медеу ауданындағы өзекті мәселелердің бірі -  «Кеңсай», «Мұзтау» және «Каменское плато» шағын аудандарында интернет және ұялы байланыс желісі тұрақты жұмыс істемейді. Бұған жер бедері себеп болып отыр (таулы жерлердің болуы).

2022 жылы сигналдың сапасын жақсарту үшін 3 тіректі орнатып, «Кеңсай» шағын ауданындағы қосымша мобильді станцияларды қосу жоспарланған. Бұл жұмысты осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Анықтама үшін: 2020-2021 жылдары «Алатау», «Көлсай», «Сұлусай», «Кеңсай» шағын аудандарында байланыс және интернет желісін орнату жұмыстары жүргізілді.

 

Мегаполистің телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін 2022 жылы «Таулы қырат», «Көк-Төбе 1-2», «Компот», «Кіші Станица», «Шуақты» шағын аудандарын жоғары жылдамдықтағы интернетке қосу жұмыстары жоспарланған. 

Жолдардағы және адамдар көп баратын жерлерге  бейнебақылау объектілерін орнату жобасының аясында осы жылдың соңына дейін Сергек аппараттық-өндірістік кешенінің  саны 120-дан 214-ке дейін ұлғайтылады.

Жылдың соңына дейін 303 бейнебақылау камерасы орнатылады, олардың 185-і аулаларға, 80-і жол қиылыстарына, 20-сы парктерге, 16-сы білім беру объектілеріне, 2-еуі сауда орлатықтарына орнатылады.

Бұл ретте Самал шағын ауданына 103 камера, Думан шағын ауданына – 23, Алатау шағын ауданына – 18, Таулы қырат шағын ауданына – 3, Асқартау шағын ауданы мен Кеңсай саяжайына – 2 камерадан орнатылады. Қалған 152 бейнекамера көшелердің бойына қойылады.

Кенсай, Сұлусай және Думан шағын аудандарында электр желілерін модернизациялау бойынша жобаларды аяқтағанда бейнекамералардың санын едәуір көбейтетін боламыз. Бұл жұмыстар келесі жылы басталады.

Анықтама үшін: 2020 жылы Медеу ауданы бойынша «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) компаниясы Медеу ауданының Кеңсай, «Мебельщик А/Т», Алатау шағын ауданы бойынша базалық станцияларды іске қосты.

Сондай-ақ, 2020 жылы «Kcell» АҚ компаниясы Медеу ауданының Алатау шағын ауданында жаңа 2 базалық станцияны іске қосты.

 

Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» аясында Медеу ауданына 800 млн. теңге бөлінді (2021 жылы 800 млн. теңге).

Медеу ауданы тұрғындарының ұсыныстары бойынша қарауға келіп түскен 110 өтінімнің ішінен 20 жоба іріктеліп алынды. Олардың ең ірілері – Тіксай өзенінің жағалауын жөндеу бойынша 3 жоба.

«Халықтықтың бюджетке қатысуы» жобасы аясында қоғамдық кеңістіктерді құру және абаттандыру бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізіледі, 2 сквер, Оқушылар сарайы мен Орталық мемлекеттік мұражайды қайта жаңарту аяқталатын болады.

Ағымдағы жылдың шілде айында «Журналистер» сквері мен Алатау шағын ауданындағы Ибрагимов көшесі бойындағы сквердің ЖСҚ-на сараптама қорытындысы алынады деп күтілуде. Мұндағы  құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жылдың соңына дейін бастау жоспарлануда.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Үлкен Алматы каналын қайта жаңарту бойынша ЖСҚ-ға сараптама қорытындысын алу жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың шілде айында өзендер мен су объектілерінің арналарын реконструкциялау және абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Есентай өзенінің су бөлгішінен Жамақаев көшесіне дейін (1,2 км) су қорғау белдеуі учаскесі бойынша ҚМЖ және Алматы хайуанаттар паркіндегі тазарту құрылыстарын пайдалана отырып, тоғандарды абаттандыру аяқталатын болады.

 

***

Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!

 

Мен сіздермен ауданды одан әрі дамуы және оның мәселесінің шешімі туралы өз ойыммен бөлістім.

Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Назарларыңызға рақмет!

 

Дата публикации
17 июня 2022
Дата обновления
17 июня 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы