Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың мектеп түлектеріне үндеуі

 Қымбатты жас түлектер!

Сіздер үшін бүгін – ерекше күн. Өйткені жүректері қуаныш пен арманға толы әрбір түлек үшін бұл сәт – жаңа белестің бастамасы. Осыдан 11 жыл бұрын мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққалы тұрсыздар.

Биылғы жылы қала мектептерін 12 мыңнан астам түлек аяқтағалы отыр. Алда үлкен сынақ – мемлекеттік емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу. Осы сыннан барлықтарыңыз сүрінбей өтуге шын жүректен тілектеспін.

Алған білімдеріңіздің арқасында Сіздер әлемнің немесе еліміздің кез келген жоғары оқу орнын таңдай аласыздар. Тек Алматының өзінде 36 жоғары орны бар. Таңдаған оқу орындарыңызға түсіп, қалаған мамандық иесі болыңыздар.    

Армандарыңыза қол жеткізіп, ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың үмітін ақтаңыздар. Еліміздің, әсем қаламыздың атын паш етіп, биіктен көріне беріңіздер! 

Дата публикации
25 мая 2022
Дата обновления
25 мая 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы