Лого

Меню

Страницы

Статья

Қандай шетел банкноталары Қазақстанда айналысқа жарамды/жарамсыз болып есептеледі?

Қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізген кезде халыққа тозығы жеткен немесе бүлінген банкноталарды ауыстырудан бас тарту жағдайлары кездеседі. Осыған байланысты адамдарда мынадай сұрақ туындайды: купюра жарамды ма, не айналысқа жарамсыз ба, оны қай жерде ауыстыруға болады.

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу тәртібі ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі  № 49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) реттеледі.

Сөйтіп, шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды жүргізу бойынша шешімді айырбастау пункттері өз бетінше қабылдайды.

Шетел банкнотасы мына белгілер болған кезде айналысқа жарамды деп есепетеледі:   

  • эмиссиялық банк атауы, нөмірі мен сериясы, цифрмен және жазумен жазылған номиналы, беткі және артқы жағының суреті, сондай-ақ қолдан жасаудан қорғаныс элементтері (сутамғы белгісі, магнит белгілері, қағазға ендірілген түрлі-түсті талшықтар, ультракүлгін сәуледе көрінетін кофетилерді, қорғаныс жіптерін, микромәтінді, люменисцирлейтін суреттерді және қолдан жасаудан қорғаныстың басқа да элементтерін қоса алғанда) болуы.

Сондай-ақ валютаны шығарған елмен шығарылған банкноталарға өзге, не қосымша талаптар қойылуы мүмкін.

Мынадай бүлдірулері бар шетел банкноталары айналысқа жарамды деп есептеледі:

 

  • банкнотаның суретін анықтауға мүмкіндік беретін азғантай дәрежедегі тозу және кірлену;
  • жыртылып жапсырылған бұрыштар немесе бөліктер (ауданы 1 ш. см көп емес), егер жыртылған бөліктер сөзсіз бір банкнотаныкі болса;
  • банкнотаның диагоналымен ені бойынша 1 см, ұзындығы бойынша 4 см аспайтын 3 жыртылудан (оның ішінде жапсырылған) көп емес;
  • кішкентай майлы және басқа да дақтар, жазулар және мөртабандардың іздері (шетел валютасының өтеу туралы немесе шетел валютасының банкнотасы жалған немесе үлгі еместігін куәландыратын мөртабандардан басқа 2 мөртабаннан көп емес), егер олар банкнотаның телнұсқалығын анықтауға кедергі келтірмесе және растайтын белгілердің 50% астамын жаппаса;
  • саңылау диаметрі 1 миллиметрден аспайтын 2 көп емес тесік.

 

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтін банкноталар жарамсыз деп танылады. Сондай-ақ Қағидалармен купюралар төлемге қабілетсіз деп танылуы мүмкін, олардың ішінде – валюта шығарған ел банкі жариялаған күннен бастап айналыстан алынып тасталғандар.

Төлемге қабілетсіз, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноталарды сатып алуды және ауыстыруды тиісті шетел валютасымен инкассалық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банктер ғана жүзеге асырады. Төлемге қабілетсіз немесе жарамсыз купюраларды ауыстыруға, сатып алуға, қабылдауға комиссияны банктер өз бетінше бекітеді, бірақ ол банкнотаның номиналды құнының 10% аспауы керек.

Айналысқа жарамды және жарамсыз банкноталардың негізгі белгілері туралы, оларды қабылдау талаптары туралы ақпарат клиенттер көре алатын жерде әрбір айырбастау пунктінде міндетті түрде орналастырылуы керектігін атап өткіміз келеді. Аталған жағдай Қағидалармен белгіленген қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға қосылған.

Ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы әзірледі

Дата публикации
23 мая 2022
Дата обновления
23 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы