Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі баяндамасы

 Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!

 

Сіздерді Әуезов ауданындағы бірінші кездесуімізде  көргеніме қуаныштымын!

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ауданымызды құрылғанына 50 жыл толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Әуезов ауданы Алматының халық ең тығыз қоныстанған ауданы болып табылады. Мұнда 1 шаршы километрге 13,1 мың адамнан келеді, бұл жалпы қалалық көрсеткіштен 4,5 есе жоғары (Алматы бойынша халықтың тығыздығы орта есеппен 1 шаршы километрге 2,9 мың адамды құрайды).

Дамыған инфрақұрылым, сауда объектілерінің жеткілікті саны мен жақын орналасуы ауданның серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

Мәселен, 2022 жылғы қаңтар-сәуірдің алдын ала қорытындылары бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Инвестициялар 48%-ға жуық (11,5 млрд теңгеге дейін), салық түсімдері 53%-ға (57 млрд теңгеге дейін) ұлғайды.).

Ауданда шағын және орта бизнес белсенді дамуда. 37 мыңнан астам субъект жұмыс істейді немесе қаланың әрбір алтыншы ШОБ субъектісі Әуезов ауданында тіркелген.

Ағымдағы жылы ауданда 4,5 мың жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз, оның ішінде 3,3 мың адамды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Жеке кәсіпорындар арқылы 1200 жаңа жұмыс орны ашылады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша 18 мамыр мен 1 маусым аралығында өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлағым келеді, ол бойынша жас отбасыларға бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін 18 млн теңгеге дейінгі сомаға 5%-бен жеңілдікті қарыздар беріледі (бастапқы жарна 25 жылға дейінгі мерзіммен қарыз сомасының 10%-ын құрайды).

Алматыда 1 000 жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, олардың арасында бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандықтарының (медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО және ҒЗИ оқытушылары, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, Халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері) азаматтары бар.

Ішкі көші-қон мен бала тууға байланысты халық өсімінің жоғары қарқыны біздің алдымызға жүйелі тәсілді талап ететін сын-тегеуріндерді қойып отыр. Мен олардың кейбіріне тоқталамын.

БІРІНШІ. Ағымдағы демографиялық ахуал әлеуметтік инфрақұрылым жүктемесінің артуына алып келеді.

Білім беру саласы

Бүгінгі таңда Әуезов ауданында оқушы орындарының тапшылығы 2100 мыңды құрайды (Алматыда 19,6 мың).

Жоғарыда көрсетілген тапшылықты азайту мақсатында өткен жылы жұмыс істеп тұрған мемлекеттік мектептерге 5 қосымша құрылыс салынды (№133, 121, 132, 117, 6) 3,6 мың оқушы орынды.

Сонымен қатар, 960 оқушы орынды 4 жеке мектеп ашылды.

Анықтама: «Өркен» ( Мамыр-1, 21/3, 400 орын) 125 «Алматы - High school»  (300 орын,1 ш/а. 1, 50/2 үй), «АВС school» (160 орын, Ақсай-5 ш/ а, 25), «Кемел» (100 орын, Рысқұлбеков көшесі, 39а).

Осы жылы 400 орынды 1 жекеменшік мектеп ашу жоспарлануда (4 шағын аудан, 11 үйдегі «Достық» жеке мектебі).

Құрылыс салушылармен жасалған меморандум аясында біздің серіктесіміз 900 және 600 орындық «Qazaq stroy» 1 500 орынды 2 жаңа мектептің құрылысы басталады.

Жақын арада біз 1960 жылы салынған №72 мектептің орнына 1 200 орынды жаңа мектеп салу үшін қосымша жер учаскелерін сатып алуға кірісуге ниеттіміз (іс жүзінде апатты болып табылады).

Әуезов ауданы үшін балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып қала береді.

Бүгінде Әуезов ауданындағы балабақшаларға кезекте 1 жастан 6 жасқа дейінгі 8 047 бала тұр.

Анықтама: барлығы 155 балабақша-47 мемлекеттік,

88 жеке меншік, 20 шағын орталық. 1 сәуірдегі жағдай бойынша тапшылық – 8 047 орын, оның ішінде 3-тен 6 жасқа дейінгі тапшылық – 2 752 орын.

Ағымдағы жылы жеке инвестициялар есебінен 800 орынды 10 жекеменшік балабақша ашу жоспарлануда, сондай-ақ, Алтын бесік шағын ауданында 120 орынды жаңа қалалық балабақшаның құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сонымен қатар, менің тапсырмам бойынша 10-шағын аудандағы жер телімін сатып алу жүргізілді, онда 280 орынды тағы бір мемлекеттік балабақша салу мүмкіндігін қарастырып отырмыз.

Анықтама: Ағымдағы жылы білім беру тапсырысына 991,7 млн.теңге, спорт секцияларына баруға - 3,2 млрд. теңге, шығармашылық үйірмелерге - 4 млрд теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта Әуезов ауданында шығармашылықтың 58 түрі бойынша 115 шығармашылық үйірме жұмыс істейді, онда 9 700-ден астам жасөспірім шұғылданады, сондай-ақ спорттың 27 түрі бойынша 147 спорт секциясы жұмыс істейді, оларға 12 500-ден астам бала барады.

Денсаулық сақтауды дамыту

Әуезов ауданының денсаулық сақтау жүйесі үшін негізгі сын-тегеурін МСАК-тың шамадан тыс жүктелуі болып табылады, Мұнда негізгі жүктеме 5 мемлекеттік емханаға тиесілі.

Анықтама: бүгін Әуезов ауданында 18 денсаулық сақтау нысаны, тіркелген халықтың жалпы саны 337 мың тұрғын.

 

Мамыр, Қуаныш, Атамекен және Таугүл-3 шағын аудандарының 30 мыңнан аса тұрғынына қызмет көрсететін 18-ші қалалық емханаға жеке тоқталғым келеді.

Бұл емхананың 3 филиалы күнделікті жоспарланған қуаттылыққа қарағанда орташа есеппен 2,5 есе көп пациентті қабылдайды. Ал филиал ДУБОК 4 есе артық. Бұл халықтың көрсетілген медициналық қызметтердің сапасының төмендеуіне алып келеді.

Анықтама: «Мамыр-1» филиалында, пациенттерді қабылдау алаңы 6,4 ш/м болатын 3 бөлмелі пәтерде жүргізіледі. Ал жоспарланған қуаты 140 келушіге арналған, нақты қуаты – 266.

«Қуаныш» филиалында жоспарлы қуаттылығы ауысымына 60 адам, нақты қуаттылығы – 240.

«Таугүл-3» филиалында жоспарлы қуаты бір ауысымда 80 адам болса, нақты қуаты – 150.

Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған БМСК жаңғырту шеңберінде, Мамыр-1 ш/а ағымдағы жылдың маусым айында ауысымында 200 келуші болатын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады (мердігерлік ұйым – «Шах» ЖШС).

Сондай-ақ  Қуаныш шағын ауданда ауысымына 500 келушіге арналған емхана салу үшін жер телімі белгіленді. Қазіргі уақытта учаскені сатып алу мәселесін пысықтап жатырмыз. Осының барлығы Әуезов ауданының емханалық желісіне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

 

ЕКІНШІ. Ауданның 1960-1970-ші жылдары салынған инженерлік инфрақұрылымы елеулі жаңартуды қажет етеді.

Қазіргі уақытта бірқатар ең проблемалық учаскелер бойынша тез арада шешім қабылдау керек.

Мәселен, осы жылдың қыркүйек айында «Достық» шағын ауданында (22 көшеде су бұру) және «Арычная, Ықылас, Западная» көшелерінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу үшін 2 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланған. Құрылысты 2023 жылдың наурыз айында бастау көзделген. 

 

Анықтама үшін: Келесі проблемалық учаскелер бар:

- «Достық» шағын ауданында - 22 көшеде канализация жүйесі жоқ;

- «Саин-Шаляпин-Жандосов көшелері - Қарғалы өзені» шаршысына кіретін үйлерді сумен жабдықтау желісіне қосу бойынша;

- «Мамыр-4» шағын ауданында және «Арычная, Ықылас, Западная» көшелерінде сумен жабдықтау және су бұру желілері тозған.

 

Қазіргі уақытта «Саин-Шаляпин-Жандосов көшелері – Қарғалы өзені» шаршысында және «Мамыр-4» шағын ауданында пайдаланылатын уақытша сумен жабдықтау желісі бойынша дереу шешім қабылдау қажет. Менің тапсырмам бойынша осы сумен жабдықтау және су бұру желісіне арналған 2 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жарияланды. Олар осы жылдың 30 мамырында аяқталады.

Құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін 2023 жылы біз құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауды көздеп отырмыз.

ҮШІНШІ. Әуезов ауданының «транзиттік» орналасуына байланысты көлік ағынының шамадан тыс жүктелуі байқалады, бұл Әуезов ауданының тұрғындары үшін өмір сүру жайлылығының деңгейіне кері әсер етеді.

 

  1. Біз 2022 жылдың маусым айында Әуезов ауданында орналасқан метрополитеннің 2 станциясы: «Сарыарқа», "Момышұлы" бекеттерін іске қосамыз, бұл метроның күнделікті жолаушылар ағынын 50 мыңнан 86 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
  2. 2. Бүгінде Төле би көшесін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол үшін әкімдік 270 жер учаскесін босатуы қажет, оның ішінде біз 63 учаске бойынша сатып алу бағасы бойынша келістік және 207 учаске бойынша келіссөздер жүргізудеміз.

Бұл өткен жылы ашылған Абай даңғылы бойымен Момышұлы көшесінен батыс бағытта ашылған алты жолақты учаскемен бірге біздің мегаполисте көлік ағындарын оңтайлы түрде қайта бөлуге және іргелес магистральдық көшелердегі көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

ТӨРТІНШІ. Құрылыстың өте тығыз салынуына байланысты қоғамдық кеңістікті құру және абаттандыру мәселелері өзекті болып отыр.

Аудан тұрғындарының өтініштерін талдау нәтижесінде сипаты бойынша өтініштердің жартысы учаскелерді абаттандыруға немесе аула аумақтарына жөндеу жүргізуге қатысты екенін атап өтемін.

2022 жылға «Халықтың қатысу бюджеті» жобасының аясында Сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша 800 млн. теңгеге 23 жоба іріктеп алынды (2021 жылы 22 жоба). Бұл жобаларда скверлерді, жаяу жүргіншілер аймақтарын жөндеу, сондай-ақ бос жатқан учаскелерді абаттандыру жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

1, 3, 7, 8, 11, Мамыр-3, Ақсай-3б шағын аудандардағы көптеген бос учаскелерді абаттандыру жоспарлануда. Бүгінде Шалов бульварын абаттандыруға ЖСҚ әзірленуде.

Менің тапсырмам бойынша Мамыр-1 шағын ауданында жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыруға ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Осы жылдың соңына дейін Ақсай-2 шағын ауданындағы аллея абаттандырылады.  Бұдан басқа, 191 аула аумағына  күрделі жөндеу жүргізіледі.

Сайран көлінің проблемаларына жеке тоқталғым келеді. Абаттандыру бойынша  су түбін тазарту жұмыстары және көлдің жағалау аймағын көгалдандыру іске асырылатынын атап өткім келеді.

Бүгінде Сайран көлінің бөгеттеріне көпфакторлы зерттеу жүргізілді, бөгеттің жағдайы бойынша оң қорытынды бар.

Осы жылдың шілде айында су түбін тазарту бойынша ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама қорытындысын алуды күтеміз.

 Жағалау аймағын абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірлеуді аяқтауды және мемлекеттік сараптаманы ағымдағы жылдың қыркүйек айында  күтеміз.

Ағымдағы жылдың III тоқсанында су түбін тазарту және абаттандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу мәселесін қарастырамыз.

 

БЕСІНШІ. Аудандағы өзекті мәселелердің бірі наркотик қылмысының жолын кесу болып отыр.

Бүгінгі таңда Әуезов ауданы тіркелген есірткі қылмыстары бойынша көш бастап тұр. Тек осы жылдың басынан бері                     92 жағдай тіркелген, бұл өткен жылдың 12 айындағы көрсеткіштен жоғары (78).

Жолын кесу және қарсы іс-қимыл жасау үшін биылғы жылы азаматтар көп жиналатын жерлерге камералар орнату жобасының аясында ауданға 457 камера орнату жоспарланған, оның 87-сі аулаларға, 202-сі әлеуметтік объектілер жанындағы саябақтарға орнатылатын болады Оның ішінде 72 – сауда орталықтарының жанында, 32-базарлардың жанында, 24-көше қиылыстарында.

Есірткі қылмысына қарсы тиімді күресу үшін азаматтар мен полиция бірлесіп іс-қимыл жасауы қажет.

Мен Сіздерді наркотик сатудың ықтимал фактілері, күдікті іс-әрекеттер туралы полицияға хабарлауға, есірткінің таралуына мүлдем төзбеуге шақырамын!

 

 

Құрметті алматылықтар!

Біздің бәрімізді еліміздің тағдыры ойлантады. Бүгінгі қабылдайтын шешімдеріміз Сіздер мен біздің, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына тікелей қатысты болмақ.

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел Конституциясына енетін түзетулер жобасы бойынша республикалық референдум өтетінін жариялады.

Алғаш рет елдің Негізгі Заңының 1/3-іне қатысты конституциялық реформа тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы іске асырылатын болады, бұл оның жалпыұлттық сипатын айғақтайды.

Мен  бәрімізге ағымдағы жылдың 5 маусымында республикалық референдумға қатысып, өзіміздің азаматтық ұстанымымызды білдіріп, тарихи таңдау жасауымыз керек деп санаймын.

 

Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!

Мен Сіздердің қордаланған мәселелеріңізді тыңдауға, оларды шешу жолдарын талқылауға және олар бойынша нақты шаралар қабылдауға дайынмын.

Қазір Сіздердің сұрақтарыңызға көшуге дайынмын.

Назарларыңызға рақмет!

 

Дата публикации
12 мая 2022
Дата обновления
12 мая 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы