
Алматы қаласының 35 жасқа дейінгі жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 18 мамырдан бастап 1 маусым аралығында арнайы құрылған www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы "Алматы Жастары" қалалық жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жеңілдікпен тұрғын үй қарыздарын беру үшін өтініштер мен құжаттарды қабылдау жүргізілетін болады.
Сайтта өтініштер мен құжаттарды беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. Ұпайларды автоматты түрде есептеу үшін электронды калькулятор енгізілген. Сонымен қатар, сайттағы жеке кабинет арқылы берілген өтініштің статусын өз бетінше қарау мүмкіндігі бар.
2022 жылғы 1 маусымда сағат 23:59-да қабылдау аяқталады және 2022 жылғы 2 маусымнан бастап барлық берілген өтініштер жүктелетін болады. Бұдан әрі 20 жұмыс күні ішінде келіп түскен өтініштердің Бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі, содан кейін әрбір санатта жинаған баллдардың санымен (ең көп балл саны бойынша) тізім құрылады.
Бағдарлама шеңберінде кредит берудің негізгі шарттары:
Бюджет – 18 млрд. теңгеге дейін;
Қарыздың максималды сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
Бастапқы жарна - 10%;
Бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі;
Қамту – 1000 адам;
Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
Тұрғын үй қарыздарын бөлудің ашықтығы мен айқындығы мақсатында іріктелгендер тізімі, резервке енгізілген және қабылданбаған қатысушылардың тізімі өтінімдерді қабылдау сайтында орналастырылатын болады.
Іріктелген үміткерлерге сайттағы жеке кабинетке "Отбасы банк" АҚ-на төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама беріледі, жолдама алған өтініш берушілерге 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін "Отбасы банк" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.
Төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушылар 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үйді дербес таңдауды жүзеге асырады.
Таңдалған тұрғын үйдің құжаттары тұрғын үй қарызын беру мүмкіндігін қарау үшін "Отбасы банк" АҚ-на ұсынылады. "Отбасы банк" АҚ мақұлдауын алғаннан кейін сатып алу-сату шартын және кепіл шартын рәсімдеу және тіркеуді жүзеге асырады.
Анықтама үшін: 2021 жылдың 10 наурызынан 31 наурызына дейінгі қабылдау қорытындысы бойынша 9741 өтініш түсті, оның ішінде салалар бойынша:
Денсаулық сақтау саласы – 2 614;
Білім беру саласы – 3 560;
Мәдениет саласы – 348;
Спорт саласы– 98;
ЖОО мен ҒЗИ қызметкерлері – 1 103;
Әлеуметтік сала – 715;
БАҚ саласы – 172;
Құқық қорғау органдары саласы – 1 131;
13.05.2022 жылғы жағдай бойынша 2 740 жолдама берілді, 1019 жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.