
Құрметті Алатау ауданның тұрғындары!
Сіздерді осы жылы Алатау ауданында өткізу жоспарланған үш тұрақты кездесуіміздің алғашқысында көргеніме қуаныштымын!
Алматы қаласының әкімі болып тағайындалғаннан кейін алғашқы жұмыс сапарымды осы Алатау ауданынан бастадым.
Қазіргі уақытта Алатау ауданында 318 мың адам немесе Алматы халқының 16%-дан астам тұрады. Халық саны бойынша аудан екінші орында. Дегенмен, жоғары өсу қарқыны байқалады – көрсеткіш орташа қалалық деңгейден 2,2 есе жоғары (Алматыда өсу қарқыны – 2,4%, Алатау ауданы - 5,4%). Алатау ауданы бала туу көрсеткіші бойынша да көш бастап тұр (ауданда 1000 тұрғынға шаққанда 24,5 бала, Алматыда 1000 тұрғынға шаққанда 15,5 бала).
Аудан үшін маңызды мәселе – бұл әлеуметтік қолдау. Қаладағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үштен бірінен астамы (36%) Алатау ауданында тұратын отбасылар. Оларды қолдау үшін бюджетте барлық қажетті қаражат қарастырылған. Бұл ретте, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету және тұрақты жұмыс орындарын құру халық табысын арттыру көздері болып табылады.
Осы жылдың 1-ші тоқсанында аудан бойынша 7 600-дан астам адам
232 млн. теңгеге әлеуметтік көмек алды (жалпы саны 28 205 адамның 27%), оның ішінде 6 488 адам (1 262 отбасы) – 179,1 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алды (жалпы саны 18 002 адамның 36%).
Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» және «Алатау аналары» қоры арқылы биыл 2 700 әйелдер мен көпбалалы аналарға қолдау көрсетіледі.
«Шыңға өрлеу» жобасы бойынша тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қосымша тегін білім беру үшін 502 бала қамтылады.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 3 мың зейнеткер белсенді әлеуметтік өмірге тартылған.
Анықтама үшін: ауданда 9 491 көпбалалы отбасы (қаладағы көпбалалы отбасылардың жалпы санының 30%-ы), 6 589 мүгедек, оның ішінде 665 мүгедек бала, 20 089 зейнеткер, Ұлты Отан соғысының 6 ардагері тұрады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көп көңіл бөлінеді. 2022 жылдың басынан бастап әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1469 мүгедек адам техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді (қозғалу құралдары, сурдо-тифло құралдар, гигиена, протездеу – 711 адам, санаториялық-курорттық емдеу – 100 адам, ымдау тілі маманының қызметтері – 88 адам, жеке көмекші – 570 адам).
Сонымен қатар психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларды оңалту үшін «Шапағат» әлеуметтік қызметтер орталығы жұмыс істейді. Орталықта 2022 жылдың басынан бастап күндіз болу режимінде 6720 мүгедек бала қамтылды.
Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге «Алматы бизнес» қалалық бағдарламасы аясында біз жылдық 2%-бен қаржыландыруды қарастырдық. Бизнес ашу үшін 1,2 млн теңгеден қайтарымсыз гранттар беріледі.
Жастарды қолдау үшін (жергілікті бюджеттен қосымша ақы төлеу арқылы) жастар практикасы бойынша жалақы 30-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейіп, биыл 122 мың теңгені құрады.
Жалпы, 2022 жылы ауданда 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз (қала бойынша – 52 200) және 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша жылдық жоспардың 63%-ы жұмыспен қамтылды. 3700 адамды Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру және 4 242 орынды жеке бастамалар есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Анықтама үшін: Тұрақты жұмыс орындары (1659), қоғамдық жұмыстар (1200), жалақының жартысын әкімдік өтейтін әлеуметтік жұмыс орындары (167), жастар практикасы (170), алғашқы жұмыс орындары (72), «ұрпақтар келісімшарты» (10) және «күміс жас» (90) бағдарламалары, бизнес ашуға гранттар (160).
– 455 адам – тұрақты жұмысқа орналастырылды
(жоспар 1659 адам);
– 167 адам – әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеді
(жоспар 167 адам);
– 96 адам – жастар практикасына жіберілді (жоспар 170 адам);
– 32 адам – «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс істеді (жоспар 72 адам);
- 7 адам – «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды (жоспар 10 адам);
– 1560 адам – қоғамдық жұмыстарға қатысушылар (жоспар 1200 адам).
Қоғамдық жұмыстар сияқты уақытша жұмыс орындарының жалақысын субсидиялауға қомақты қаражат бөлінуде (қала бойынша 6,9 млрд. теңге). Адамдардың жалақы алып, бірақ нақты жұмысқа бармайтын жағдайлар анықталып жатыр.
Жалпы, ауданның айтарлықтай даму әлеуеті бар.
Ауданда Алматы Индустриялық аймағы орналасқан. Бүгінде онда 19 жоба орындалды, 114 млрд. теңге инвестиция тартылды, 3,2 мың (3177) тұрақты жұмыс орны ашылды. Биыл Индустриялық аймақта жаңа 10 өндірісті іске қосып арқылы 822 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, бұл салық түсімдеріне оң әсерін тигізетін болады.
Анықтама үшін: бұл кәсіпорындар Хюндай автокөліктерін, энергия тиімді қасбеттерді (КСМ Техновид), үлкен диаметрдегі құбырларды (Asia Steel pipe), құрылыс материалдарын (СК Рахат, ГСГ Высотник), қағаз бұйымдарын (Alma pak) шығарады, ет өңдеу кәсіпорны (Бижан), жылыжай кешені (BRB АПК) жұмыс істейді.
Жұмыс барысында мен қазіргі жағдаймен және тұрғындарымыздың ең өзекті проблемаларымен таныстым. Олар келесі 5 негізгі бағытқа топтастырылды.
БІРІНШІ. Сапалы ауыз сумен, канализациямен және жолдармен қамтамасыз ету мәселесі.
Бүгінгі күні Алатау ауданы 75% орталық сумен жабдықтау желісімен және 67% кәріз желісімен, сондай-ақ 80% асфальтты жолдармен қамтамасыз етілген.
2019 жылдан бері «Жаңа Алматы» бағдарламасы бойынша желілерді жобалау және салу жұмыстары жүріп жатыр.
Биыл Алғабас шағын ауданында су құбыры мен канализация желісінің І-ІІ кезегі пайдалануға беріледі.
Үшінші тоқсанда Алғабас шағын ауданында ІІІ кезек және Теректі шағын ауданында желілер құрылысы басталады.
Рахат-Мәдениетте және Боралдайда желілер құрылысын 2023 жылдың наурыз айында бастау жоспарланған.
6 шағын ауданда (14-аумақ, Ақбұлақ, АЗТМ-Алғабас, Әйгерім-2, Өжет, Самғау, Шаңырақ-1-айтылды) орталық сумен жабдықтау және кәріз желілері іске әлі қосылмаған.
Анықталған кемшіліктер жойылмағандықтан желілер әлі пайдаланылмай отыр, бұл мәселені шешу бірнеше жылға созылып кеткен.
Мәселен, «14-аумақ» шағын ауданында 2017 жылдан бері мердігер «Керегетас Компани» желілерді салып бітірмеген.
Осы жылдың сәуір айында «Керегетас Компани» жобаны орындаудың мүмкін еместігін ресми түрде мәлімдеп, одан әрі іске асырудан бас тартты. Менің тапсырмам бойынша «Алматы Су» кәсіпорны ақаулық актісін жасады. Бұл құжаттардың болуы жылу беру маусымы басталғанға дейін барлық қажетті жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде 5 шағын аудан бойынша («Әйгерім-2», «Өжет», «Самғау», «Ақбұлақ», «АЗТМ-Алғабас») сумен жабдықтау және кәріз объектілерін «Алматы Суға» беру үшін қажетті құжаттар дайындалып жатыр. Бұл жұмысты 2022 жылдың 10 мамырына дейін аяқтаймыз.
Сарапшылардың бағалауы бойынша Алатау ауданының аумағына 18 кәріз-сорғы станциясын салу қажет еді («Көк Қайнар» - 1, «Томирис» - 4, «Самғау» - 2, «Өжет» - 4, «Шаңырақ-2» шағын аудандары - 7).
Жеке тұрғын үй салу кезінде құрылыс салу нормаларын сақтамау және құрылыстың тығыз салынуы кәріз-сорғы станцияларын салу кезінде қосымша қиындықтар туғызады.
Осының салдарынан кедергі келтіретін құрылыстарды бұзу керек болады, ал бұл үшін көбінесе сот шешімдері қажет. Сондықтан жобаларды іске асыру мерзімдері айтарлықтай кешігеді.
Аудан тұрғындары жолға асфальт төсеу мәселесін жиі көтереді. Бір жолды екі рет қазып, қайта салу тиімсіз екенін айта кеткім келеді. Сумен жабдықтау және канализация желілері пайдалануға берілгеннен кейін ғана асфальт төселетін болады.
ЕКІНШІ. Рахат-Мәдениет және Теректі шағын аудандарындағы электр желілеріне қатысты проблемалар бар.
Желілердің көбісі электр энергетикасы саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын сақтамай салынған. Осыған байланысты аудан әкімдігінің талап-арызы бойынша сот реконструкциялауды қажет ететін желілерді иесіз деп таныды.
Қазіргі уақытта Теректі шағын ауданында (шығыс бөлігі) ауыстыру ішінара басталды. Оны жылдың соңына дейін аяқтаймыз.
Рахат-Мәдениет шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама (2021 жылдың қарашасынан бері әзірленуде) 2022 жылдың шілде айында мемлекеттік сараптамаға берілетін болады.
Сондай-ақ, Алғабас шағын аудандағы электр желілерін ауыстыру басталды.
ҮШІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
Білім беру саласы
Қазіргі уақытта жалпы Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 19 600-дан асады (19 611 орын). Алатау ауданында 29 мектеп (26 мемлекеттік және 3 жеке меншік) болса да, жетіспейтін 7 мыңнан астам орын немесе 36% тапшылық осы ауданға тиесілі.
Өткен жылы қалада 12 мыңнан астам орынға арналған заманауи үлгідегі 8 мемлекеттік мектеп салу үшін ауқымды жобаны бастадық, оның ішінде 7800 орындық 5 мектеп Алатау ауданында ашылатын болады.
Жаңа оқу жылының басында «Саялы» және «Томирис» шағын аудандарындағы 3 300 орындық (№204, 205) 2 мектеп, соның ішінде қазір біз отырған №204 мектеп пайдалануға беріледі.
Тағы 4 500 орындық 3 мектептегі жұмыстарды график бойынша жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Бұл бізге «Рахат-Мәдениет» шағын ауданындағы Алматыдағы жалғыз үш ауысымды №196 мектептің мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Алайда, алдын ала есептеуіміз бойынша жаңа 7800 оқушы орнының пайдалануға берілгеніне қарамастан, жалпы қала, әр аудан бойынша білім алушылардың жыл сайын өсуіне байланысты аудан мектептерінде 3 мыңға жуық орын тапшылығы сақталады.
Сондықтан, құрылыстан басқа, бұдан әрі ғимараттар мен жер учаскелерін жеке меншік иелерінен сатып алумен қатар басқа да тетіктер қолданылатын болады. Қазір ықтимал нұсқалар қаралып жатыр.
Сонымен қатар ауданға мектепке дейінгі объектілер қажет.
Бүгінгі күні Алматы қаласында 1-6 жас аралығындағы 41 200 бала кезекте тұр, оның 6 мыңға жуығы Алатау ауданында (қалада 3-тен 6 жасқа дейін – 19 125 бала кезекте тұр, оның ішінде Алатау ауданында – 3 051).
Анықтама үшін: Ауданда 184 мектепке дейінгі ұйым (20 мемлекеттік және 164 жеке меншік) жұмыс істейді, 159 жеке меншік бала бақшада 11 674 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған.
Ауданда жеке сектормен белсенді жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері жеке бала бақшаларда 1260 орын пайдалануға берілді.
Анықтама үшін: 530 орындық жаңа 8 жеке объектіні ашу және қазіргі жеке меншік бақшаларда 731 қосымша орын ашу.
«Нұркент» шағын ауданында 320 орындық және «Саялы» шағын ауданында 160 орындық 2 бала бақша салу жоспарда бар.
Нұркенттегі бала бақшаға қатысты біз жобалау-сметалық құжаттаманы әзірледік, алайда мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесін алу үшін біз жерді жеке меншік иесінен сатып алуымыз керек. Тиісті қаражатты біз бюджетке нақтылау кезінде саламыз және ағымдағы жылдың соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтаймыз. Келесі жылдан бастап құрылысты бастаймыз. 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Саялы бойынша - осы жылдың мамыр айында құрылысты бастаймыз және 2023 жылдың бірінші жартысында аяқтаймыз.
Анықтама үшін: бұл ретте, бала бақшалардағы кезекті ескере отырып, 320 орындық 9 бала бақша салу қажет («Рахат-Мәдениет», «Томирис», «Ұлжан-2», «Самғау», «Әйгерім», «Ақбұлақ», «Шапағат», «Зерделі», «Саялы-2» шағын аудандары).
Балаларымызды жан-жақты дамыту маңызды міндет болып табылады. Бұл үшін балалардың мектептен тыс білім беру, спорт және шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылады. Бұл мақсатқа Алматы қаласының бюджеттінде
8,2 млрд. теңге қарастырылған.
Анықтама үшін: биыл білім беру тапсырысына 991,7 млн. теңге, спорт секцияларына - 3,2 млрд. теңге, шығармашылық үйірмелерге қатысуға - 4 млрд. теңге бөлінді.
Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 44 мың бала шұғылданады. Оның ішінде 10 мыңнан астам Алатау ауданы бойынша қатысады. Қалада 1 179 шығармашылық үйірмеге қатысатын 56 мың баланың 9 мыңы Алатау ауданының балалары.
Сонымен қатар, бүгінгі күні ауданда 1 мемлекеттік мектептен тыс ұйым (№1 Оқушылар үйі) жұмыс істейді, онда 2 мыңнан астам (2160) бала білім алады, 2 мектептен тыс жеке меншік мекемеде 370 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған.
Алатау ауданы балаларды мектептен тыс білім беруге тарту бойынша алдыңғы қатарда.
Ауданда спорттың 25 түрінен 107 спорт секциясы жұмыс істейді, оған 10 мыңнан астам бала қатысады, сондай-ақ 58 шығармашылық бағыт бойынша 215 үйірмелер ашылып, 9 200-ден астам бала қамтылды.
Қазіргі таңда Зерделі шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Нұркент шағын ауданында үлкен тенниске арналған орталық салынып жатыр.
Балаларды одан әрі сыныптан тыс оқытумен қамту үшін қазіргі уақытта көпсалалы Инновациялық шығармашылық орталық (Оқушылар сарайы) салынып жатыр. Оған аптасына 5 мыңнан астам бала бара алатын болады. Оның құрылысы 2023 жылы аяқталады.
Денсаулық сақтауды дамыту
Алатау ауданының тұрғындарына 8 медициналық ұйым, 5 мемлекеттік және 3 жеке меншік ұйым қызмет көрсетеді. Оларда 250 мыңға жуық халық тіркелген.
Әрине, емханаларға көп жүктеме түседі, бұл жаңа шағын аудандардың көптеп салынуына (2021 жылы 332,5 мың шаршы метр тұрғын үй), сондай-ақ Алматы облысынан жаңа елді мекендердің қосылуы нәтижесінде аудан көлемінің жылдам ұлғаюына байланысты.
Анықтама үшін: №29 емханада есепте тұрғандар саны – 57 743, № 25 емханада - 30 717, № 23 емханада – 45 598, № 22 емханада – 43428, № 14 емханада – 34 924, Open Medical Channel – 17 368, Maksat Med – 15 670, 2022 жылдың көктемінде «Саялы» ЖШС жаңа емханасы ашылды, халық саны - 3 709.
Медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және медициналық көмектің халыққа жақын орналасуын қамтамасыз ету үшін ауданда 5 амбулатория жұмыс істейді. Қымбат клиникалық-диагностикалық қызметтерді кеңейту үшін 2021 жылдың соңында Алатау ауданында №25 қалалық емхана жанынан модульдік КТ-орталық ашылды.
Биыл Қарасу шағын ауданында амбулатория салуды жоспарлап отырмыз.
2023 жылға Алғабас шағын ауданының тұрғындарына және Теректі тұрғындарының бір бөлігіне, яғни 19 000 тұрғынға қызмет көрсететін Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысын бастау жоспарланған.
Анықтама үшін: Кейбір азаматтар Алматы қаласының мамандандырылған медициналық ұйымдары мен босандыру мекемелерінде медициналық көмек алу үшін арнайы Алматыға тіркеледі, бұл қаланың денсаулық сақтау қызметіне қосымша ауыртпалық түсіреді.
Мәселен, 2021 жылы аудан бойынша тіркелген жүкті әйелдер саны 6960, оның 1114-і (немесе 16%) қалаға жаңадан келіп, пәтер жалдайтын тұрғындар. 2021 жылы босанған әйелдер саны – 7748, оның ішінде 788 босанған әйел ауданға уақытша келіп, босанғаннан кейін басқа өңірлерге кеткен. Онкологиялық қызмет бойынша алғаш анықталған 305 пациенттің 139-ы (42,6%) - білікті медициналық көмек алу үшін басқа қалалардан келген пациенттер. Туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша да жағдай осындай - алғаш рет анықталған 77 жағдайдың 36 (46%) пациенті - бұл ауданда уақытша тұратын азаматтар.
Қазіргі уақытта Алатау ауданында 4 мемлекеттік аурухана жұмыс істейді (№7 қалалық клиникалық аурухана, №5 перзентхана, Перинаталдық орталық, сондай-ақ №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы).
Бұл ретте, Алатау және Наурызбай аудандарында күтілетін халық санының өсіміне байланысты, биылғы жылдың соңына дейін біз құрылыс салынатын жерді анықтаймыз және жерді сатып алу мәселесін қарастырамыз. 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейміз, ал 2024-2025 жылдары Алатау ауданында жаңа клиникалық аурухананың құрылысын бастаймыз. Бұл ауруханада перзентхана, диагностикалық және оңалту орталықтары болады.
ТӨРТІНШІ. Көлік жүйесін біркелкі дамыту қажеттілігі өзекті мәселе болып табылады.
Аудандағы көлік инфрақұрылымының негізгі проблемаларына
келетін болсақ, мұнда маршруттық желілер, жылжымалы құрам, сондай-ақ автобус аялдамалары жетіспейді.
Бұл проблемалар Алғабас, Теректі, Рахат-Мәдениет, Ұлжан-2, Шаңырақ-1, Қарасу, Саялы-2 шағын аудандарында бар.
Осы шағын аудандарда 15 маусымға дейін 3 жаңа маршрут ашылады, 4 маршрут (№109, 129, 25, 57) ұзартылады және күшейтіледі. Сонымен қатар, №115 маршруттағы барлық жылжымалы құрам жаңартылды.
Анықтама үшін:
Бүгінде бүкіл аудан аумағына 50 жаңа остановка салу қажет. Жылдың соңына дейін біз олардың салуын қамтамасыз етеміз. Осылайша, автобус остановкаларының жетіспеушілігін толық шешеміз.
БЕСІНШІ. Комфортты қамтамасыз ету және қаланы абаттандыруды жақсарту үшін 2019 жылдан бері Алматыда «Халықтың қатысу бюджеті» іске асырылады.
Соңғы 2 жылда Алатау ауданында бос жатқан 60 учаскені (балалар ойын алаңдары, воркаут алаңдары мен спорт кешендері, жаяу жүргіншілер мен жасыл аймақтар) абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Биыл наурыз айында осы жоба аясында менің ұсынысым бойынша Алатау ауданы үшін қаржыландыру көлемі 500 млн. теңгеге 1,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды (2021 жылы 1,3 млрд. теңге).
Аудан тұрғындарының ұсыныстарына сәйкес 36 жоба анықталды. Бұл жобаларда жаңа балалар және спорт алаңдарын, Момышұлы көшесіндегі қарау алаңын,
Рахат-Мәдениет, Саялы, Қарасу, Шапағат шағын аудандарында футбол алаңын және жасыл аймақтарды суару жүйесін салу қарастырылған.
Биыл 53 ауланы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.
Рекреациялық аймақтар құру үшін Өжет шағын ауданындағы тоғанды (аяқталу мерзімі 2022 жылғы маусым), Боралдай өзенінің бойын (аяқталу мерзімі 2022 жылғы маусым) және Зерделі шағын ауданының жасыл аймақтарын (аяқталу мерзімі 2022 жылғы шілде) абаттандыру сияқты 3 ірі жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
2022 жылы тұйық көшелері бар 46 км астам болатын 69 көшедегі жолға, сондай-ақ 12 шағын ауданның 51 км арық жүйесіне орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Құрметті Алатау ауданының тұрғындары!
Азаматтарымыздың лайықты өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау Алматы қаласы әкімдігінің жұмысындағы негізгі басымдық болып табылады.
Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңыз бен біздің бірлескен жұмысымыз әсем қаламызды бірге дамытуға мүмкіндік береді.
Сіздердің сұрақтарыңызды тыңдауға, оларды шешу жолдарын талқылауға және Сіздермен бірлесіп нақты шаралар қабылдауға дайынмын.
Назарларыңызға рақмет!