
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» РММ Алматы қалалық филиалы 2022 жылдың 03 мамырында номиналы 500 теңгелік күміс және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан «SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады.
«SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL» коллекциялық монеталарын сату Ұлттық Банктің kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады.

«SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL» коллекциялық монеталары туралы
Монеталарды шығару Семей ядролық полигонының жабылған күнінен бастап30 жыл толуына орайластырылған.
Монета дизайнының тұжырымдамасы ядролық сынақтардың тарихын суреттейді. «Саңырауқұлақ» түріндегі ядролық жарылыстың стильдендірілген бейнесі екі бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігі ядролық сынақтардың тарихын бейнелейді және құрбан болған адам өмірі мен шырғалаңға түскен тағдырын бейнелейтін сынық кескіндер түрінде берілген. Оң жақ бөлігі зардап шеккен табиғаттың символы ретінде құрғақ ағаштың стильдендірілген бейнесінде жасалған. Кеуіп кеткен ағаш бұтағындағы жасыл жапырақтың бейнесі – қайта өрлеу мен қылаң берген үміт белгісі.
«SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL» монетасының сипаттамасы:
Монеталардың аверсінде орталық бөлігінде ою-өрнек аясында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра мемлекеттік тілде QAZAQSTAN
RESPÝBLIKASY және ағылшын тілінде REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазулар, жоғарғы бөлігінде Қазақстан Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналы мен салмағы, сондай-ақ металл мен оның сынамасы туралы ақпарат көрсетілген.
Монетаның реверсінде «саңырауқұлақ» түріндегі ядролық жарылыстың стильдендірілген бейнесі бар. Монетаны айналдыра SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA деген жазу, жоғарғы бөлігінде SINCE THE CLOSURE OF SEMIPALATINSK NUCLEAR TEST SIDE деген жазу, ортасында оқиғаның мерейтойлық күнін білдіретін 30 JYL/YEARS және «1991-2021» деген жазу берілген.
Номиналы 500 және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.
Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында дайындалды.
Ақпаратты «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Алматы қалалық филиалы әзірледі.