Лого

Меню

Страницы

Статья

2022 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес 2022 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы өткізу басталғаны туралы жарияланады.

Конкурс екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі.

Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Лауреаттар атағы үш санатта беріледі:

1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;

2) орта кәсіпкерлік субъектісі;

3) ірі кәсіпкерлік субъектісі және төрт номнация бойынша:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбек ақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.

3) «Үздік ұжымдық шарт».

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Үміткерлер конкусқа қатысуға үшін материалды бір данада тапсырады, олар:

1) толтырылған өтінімді;

2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпаратты;

3) есепке қосымшаны (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).

4) сауалнаманы қамтиды.

Аудан әкімшіліктері конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдайды.

Үміткерлер материалдарды «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен бекітілген Конкурс өткізу ережелеріне сәйкес ресімдейді және жергілікті атқарушы органдарға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.

Конкурсқа катысуға:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2) таратылусатысындатұрмаған, банкрот дептанылмаған;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлер мен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлесі 50 пайыздан аспайтын акциялар;

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-аққұжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Бизнес субъектілері әлеуметтік - еңбек қатынастарында өздерінің оң тәжірибесін көрсете отырып, қатысу үшін аудан әкімшіліктеріне жүгіне алады.

Үміткерлер барлық қажетті материалдарды аудан әкімшілігіне ұсына алады.

2022 жылғы 1 шілде күні конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсыну мерзімі аяқталады.

Дата публикации
22 апреля 2022
Дата обновления
22 апреля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы