
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Алматы қалалық филиалы 2022 жылғы 14 сәуірде «Қазақстанның бейнелеу өнері» сериясынан M. KENBAEV «ÁŃGIME» коллекциялық монетаның сатылымға шығатыны туралы хабарлайды.
"Қазақстанның бейнелеу өнері "сериясынан" M. KENBAEV «ÁŃGIME» коллекциялық монеталарын сату Ұлттық Банктің kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады.

«M. KENBAEV «ÁŃGIME» монетасы туралы
Монетаның дизайнында Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, педагог әрі профессор М.Кенбаевтың «Әңгіме» картинасынан үзінді бейнеленген. Материалдарды Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі ұсынды.
Монета аверсінің орталық бөлігінде ою-өрнек бетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, жиегінде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналы, соғылған жылы, монета жасалған металдың сынамасы мен массасын білдіретін жазу бар. Жоғарғы бөлігінде – «M.KENBAEV «ÁŃGIME» (1958)» деген жазу мен ҚҰБ-тың тауар белгісі (логотипі) басылған.
Монетаның реверсінде М. Кенбаевтың «Әңгіме» сүретінен үзінді бейнеленген. Композиция түрлі-түсті баспа технологиясы арқылы орындалған.
Монеталар олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Ақпаратты «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Алматы қалалық филиалы әзірледі.