Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы тұрғындарына жер учаскесінің нысаналы мақсатын қалай өзгерту керектігі айтылды

Алматы қаласы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы қандай жағдайларда учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту қажет екенін хабарлады. Бұл Мемлекеттік қызмет болып табылады және 13 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Айта кетейік, жер учаскесінің әрбір меншік иесі оның мақсатын өзгертуге құқылы. Аталған мемлекеттік қызмет ҚР Жер кодексінің 49-1 бабымен және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен реттеледі.

​         Қызмет тегін. Өтінімді электронды портал арқылы беруге болады https://elicense.kz/. ол үшін жер учаскесінің кадастрлық нөмірін, жер учаскесінің сұратылған нысаналы мақсатын, жер учаскесінің алаңын, учаскеге құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының нөмірі мен күнін және бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының электрондық актісінің көшірмесін көрсету қажет.

Өтініш беруші өтініш бергеннен кейін хабарлама алады, онда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе одан бас тарту мәселесі бойынша шешімді алған күні көрсетіледі.

​ Өтінішті қарау кезінде мемлекеттік органдар жер учаскесін қаланы дамытудың Бас жоспарына және ауданды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына сәйкес сұратылған мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды.

Жер қатынастары басқармасы шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне олардың өтініштері бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін төлемді 10 жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеу берілетінін хабарлады.

Электрондық қаулыны электрондық порталдың жеке кабинетінен жүктеуге болады. Қаулының түпнұсқасын (қағаз түрінде) басқарманың кеңсесінен мына мекенжай бойынша алуға болады: Абай даңғылы 90 (Алматы бас жоспары ғимараты), 1-қабат.

 

Барлық сұрақтар бойынша 229-21-82 нөміріне хабарласыңыз.

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы