Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласындағы қаржы нарығындағы жағдай туралы

 1. Инфляция

 

Алматы қаласындағы жылдық инфляция 8,2%  деңгейінде болды  (2020 жылғы желтоқсанда – 7,2%). Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы жылдық тұрғыда алғанда 9,8%, азық түлік емес тауарларға – 8,0%, ақылы қызметтер –  6,3% өсті.

Алматы қаласы бойынша Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы желтоқсанда инфляция 0,5% құрады (2020 жылғы желтоқсанда – 0,9%).

 

 

Алматы қаласы бойынша тұтыну бағаларының индексі

(алдыңғы жылғы желтоқсанға қатысты пайызбен алғандағы желтоқсан айы)

 

  1. Валюталық нарық

 

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 445 айырбастау пункттері жұмыс жасады, оның ішінде: банктердің айырбастау пункттері - 293, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге ҚР Ұлттық Банк лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар - 138, «Қазпошта» АҚ - 14.

2020 жылмен салыстырғанда айырбастау пункттердің саны 465-тен 445-ке 4,3%, банктердің айырбастау пункттері 309-дан 293-ке 5,2%, уәкілетті ұйымдардікі  140-тан 138-ге 1,4%-ға, «Қазпошта» АҚ 16-дан 14-ке 12,5%-ға қысқарды.

2021 жыл ішінде бір дана АҚШ долларына қатысты теңгенің нарықтық бағамы 418,71 – 434,34 теңге, еуро үшін 490,74 – 519,19 теңге, ресей рублі үішн 5,63 – 5,95 теңге ауқымында болды.

2021 жыл ішінде валютаны сатып алу сияқты сатуда да айырбастау операцияларының көлемінің өсуі көрініс алды:

АҚШ доллары 47,3% бен 22,8% және және тиісінше 2,6 млрд. теңгені және 3,8 млрд. теңгені құрады;

ресей рублі 20,1% бен 30,7% және тиісінше 7, 6 млрд. теңгені және 16 млрд. теңгені құрады;

еуро 21,9% бен 29,3% және тиісінше 0,2 млрд. теңгені және 0,4 млрд. теңгені құрады.

 

 

  1. Депозит нарығы

 

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторына екінші деңгейдегі 22 банк қатысты, олардың ішіндегі 20 Алматы қаласында.

2021 жылы екінші деңгейдегі банк резиденттерінің депозиттер көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 6 807,5 млрд. теңгені құрап, 22,5%-ға өсті. Заңды тұлғалардың депозиттері 1 895,9 млрд. теңге көрсеткішіне дейін 24,2%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері  4 911,6 млрд. теңге көрсеткішіне дейін 21,8%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 40,4%-ға дейін өсті, шетел валютасында депозиттер тиісінше 5,9%-ға төмендеді.

Жеке тұлғалардың депозиттер көлеміндегі салымдар үлесі 72,1% құрап отыр. Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2020 жылғы 48,0% қарсы 55,0% құрап отыр.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 1 243,1 млрд. теңгені құрап, 43,0%-ға өсті, шетел валютасында 652,8 млрд. теңгені құрап, 0,6%-ға төмендеді (заңды тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемінің 34,4%).

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 2 500,9 млрд. теңгені құрап, 39,2%-ға, шетел валютасындағы 2 410,6 млрд. теңгені құрап, 7,8%-ға өсті (жеке тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемінің 49,1%).

 

  1. Кредит нарығы

 

Банктердің Алматы қаласының экономикасын кредиттеу көлемі 2021 жыл ішінде 8 159,5 млрд. теңгені құрады, ол алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 22,0%-ға көп. Заңды тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 8,2%-ға дейін өсті және 5 115,5 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғаларға берілгендер - 3 044,0 млрд. теңгені құрап, 55,0%-ға дейін өсті.

 

2020-2021 жылдар ішіндегі кредиттеу көлемінің өзгеруі (млрд. теңге)

 

Ұлттық валютадағы кредиттеу көлемі 6 733 млрд. теңгені құрап, 25,9%-ға дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 8,4%-ға дейін өсті және 3 703,5 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғалар берілгендер – 3 029,5 млрд. теңге болды.

Шетел валютасындағы кредиттеу көлемі  1426,5 млрд. теңгені құрап, 6,3%-ға дейін өсті. Бұл ретте заңды тұлғаларға берілген кредиттер 7,7%-ға, жеке тұлғаларға берілгендер - 53,8%-ға қысқарды.

Ұзар мерзімді кредиттер көлемі  6 680,7 млрд. теңгені құрап, 24,4%-ға дейін өсті, қысқа мерзімді кредиттер 1 478,7 млрд. теңгені құрап, 12%-ға дейін ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлікті кредиттеу көлемі 1 902,1 млрд. теңгені құрап, 33,4%-ға дейін өсті (экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінің 23,3%).

Теңгедегі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған 1 жылға дейінгі мерзіммен кредиттер бойынша жылдық ставкалар 11,3%-дан 12,9%-ға дейін, 1 жылдан ұзақ мерзімге 14,9%-дан 15,5%-ға дейін өсуді көрсетті, бұл ретте шетел валютасында тиісінше 6,6%-дан 4,3%-ға дейін және 5,8%-дан 4,6%-ға дейін төмендеді.

Кезең ішіндегі кредиттеудің салалық құрылымы саудада және өнеркәсіпте басым бағыттарды сақтады: қысқа мерзімді кредиттер бойынша 36,5% және 8,0%, тиісінше ұзақ мерзімді кредиттер бойынша 2,1% және 7,1%.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылы Алматы қаласының банктері жалпы 276,6 млрд. теңге сомасына ипотекалық кредит алуға 19 317 өтінім қабылдады, олардың ішінен 108,8 млрд. теңге сомасына 10 165 өтінім мақұлданды. Мақұлданған өтінімдер бойынша 108,8 млрд. теңге сомасына 7 718 қарыз берілді.

Дата публикации
14 февраля 2022
Дата обновления
14 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы