Лого

Меню

Страницы

Статья

2021 жылы туризмді дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

3 тоқсанның қорытындысы бойынша 2021 жылы Алматы қаласындағы орналастыру орындарына келген туристердің жалпы саны 842,9 мыңнан астам адамды құрады (64,9%-ға өсті), оның 95,7 мыңы – шетелдік (8,2%-ға өсті), отандық туристер – 747,2 мыңнан аса адам (76,8%-ға өсті).

Орналастыру саны 327 бірлікті құрады, оның ішінде 5* – 7 (үлесі – 2,1%),

4* - 17 (үлесі - 5,2%), 3* - 7 (үлесі - 2,1%), санатсыз (сертификатсыз қонақүйлер) - 206 (үлесі - 63%), басқалары (шалелер, курорттық аймақтардағы үйлер, хостел, лагерьлер) – 90 (үлесі – 27,5%).

Бөлмелер саны – 11,7 мыңнан астам бірлікті құрайды (0,8%-ға өсу).

Алматы қонақүйлеріндегі бір реттік сыйымдылық – 21,5 мың төсек-орын (5,4%-ға өсті).

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі – 18,6 млрд теңгені құрайды (61,7%-ға өсті).

Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 70,5 мың адамды құрайды. (5,8%-ға өсті).

2021 жылға туризм саласына құйылған инвестиция көлемі – 100,7 млрд теңгені құрайды (46,3%-ға өсті).

 

Маркетингтік ілгерілету

2021 жылы маркетингтік ілгерілетуді дамыту аясында «MITT-2021 Moscow» және «Qatar Travel Mart 2021» халықаралық көрмелеріне қатысты (25 мың келушілерді қамтиды) және фокус қалаларда (Киев, Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Доха, Маскат) 6 Road-show іс-шарасы өткізілді.

«Expo 2020 Dubai» Дүниежүзілік көрмесі аясында инвестиция тарту, қаланың негізгі туроператорларын тарта отырып, туристік әлеуетті ілгерілету мақсатында «Дубайдағы Алматы күндері» іс-шарасына қатысу ұйымдастырылды (көрме 25 млн турист қамтиды).

Ішкі туризмді дамыту үшін өткен жылдың 25 шілдесі мен 8 тамызы аралығында KITF TRAVEL PARK 2021 көрмесіне қатысты. Көрме аумағында Қазақстанның әр түкпірінің тартымдылығын көрсететін көркемдік нысандар мен инсталляциялар орнатылды (1000-ға жуық адамды қамтиды).

Сондай-ақ, 2021 жылы шетелдік блогерлер үшін 3 блог-тур ұйымдастырылды (жалпы аудитория 7,5 млн адамды қамтиды).

Сонымен қатар, әлеуметтік туризмді дамыту мақсатында 2021 жылдың маусым айында Алматы қаласының көрікті жерлеріне және Алматы агломерациясына 200 ересек, 100 мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардан шыққан 200 балаға экскурсия ұйымдастырылды.

 

Туризм инфрақұрылымын дамыту

Қонақ үй бизнесін дамыту аясында 2021 жылы Алматыда 11,5 млрд. теңгеге халықаралық деңгейдегі «Holiday Inn Express» қонақ үйлері (4,3 млрд теңге) және «Жетісу» (NovotelLiving 4* және IBIS 3*) қонақ үй кешені ашылды. .

Бұл ретте өткен жылы тауда туристерге қызмет көрсету сапасын арттыратын қосымша 5 келушілер орталығы («Шымбұлақ» ТК, Медеу базалық станциясында, Горельник термалды бұлағы, «Аю-Сай» шатқалында және «Медеу» ТСК жанында), сонымен қатар жеке инвестиция арқылы «Tenir» эко-қонақ үй салынды.

Сондай-ақ, «Chimbulak Development» ЖШС халықты физикалық және рухани жағынан дамыту нәтижесінде ашық ауада серуендеуге тарту мақсатында «Арқан саябағы» және «Денсаулық жолы» жобаларын іске қосты.

Алматы қаласында туристердің жайлы тұруын қамтамасыз ету мақсатында туристік қызығушылық тудыратын орындарда 20 СГТ және СГТ бар 5 визиттік орталық орнатылған.

 

Таулы инфрақұрылым

Таулы аймақтардағы жолдарды абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.

2021 жылдың қараша айында BI Group жалпы ұзындығы 23 км тау соқпақтарын абаттандыру жобасының II кезеңін аяқтады (1. Медеу – Қимасар асуы – Фурманов шыңы – Панорама шыңы; 2. Камен үстірті – Көк-Жайлау; 3. Алмарасан – Көк-жайлау).

Сондай-ақ, бүгінде Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында жалпы ұзындығы 24 шақырымды құрайтын 7 тау бағыты абаттандырылып, 70 навигациялық белгі, 64 орындық және 6 ақпараттық тірек орнатылды. Сондай-ақ, қайың тоғайында кемпинг алаңы құрылды.

2021 жылы тауларда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін спутниктік байланыс орнатылған (құтқару жасақтарына сигнал беру үшін дабыл түймелері бар) таулы маршруттардың шалғайдағы негізгі учаскелерінде 15 тау үйлері орнатылды.

Сондай-ақ, Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 2 бақылау-құтқару пункті жасалып, орнатылды, онда 16 адамнан тұратын құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік етуде.

«ASTEL» АҚ-мен бірлесіп, Кимасар шатқалында «LoRaWAN» автономды базалық станция жабдығын орнатуға негізделген (LoRaWAN базалық станциялары негізінен Жапония тауларында орнатылған) дүрбелеңді бақылау жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды.

 

Кадр потенциалын дамыту

Туризм саласындағы гидтердің қызметін оңтайландыру мәселесін шешу үшін 2021 жылдың наурыз айында «Ұсынылатын гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушылары» (16 адамды қамтыды) тізімін қалыптастыру жобасы ұйымдастырылды.

Анықтама. Осы тізімге енгізілген гидтер мен экскурсоводтарға туристердің сүйемелдеуімен облыстағы музейлер, галереялар, тау-шаңғы курорттары, мұз айдындары сияқты туристік орындарға тегін баруға құқық беретін арнайы төсбелгілер беріледі.

Сонымен қатар, туризм саласында қызмет көрсету сервисы және сапасын арттыру мақсатында өткен жылы қызмет көрсету саласының 667 қызметкеріне ағылшын тілінің онлайн курстары өткізілді.

Дата публикации
02 февраля 2022
Дата обновления
02 февраля 2022
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы