
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» РММ Алматы қалалық филиалы 2022 жылдың 25 қантарда номиналы 500 теңгелік күміс «Барыс жылы» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады.
«Барыс жылы» коллекциялық монеталарын сату Ұлттық Банктің kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады.
«Барыс жылы» монетасының сипаттамасы:
Монеталардың аверсінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символы мен монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген.Монеталардың реверсінде орталық бөлігінде шығыс күнтізбесі бойынша 2022 жылдың символы – барыс бейнесі бейнеленіп, айналдыра «2022», «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және «ORIENTAL CALENDAR» жазуы бар. Ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.
Күміс монеталар он екі қырлы және олардың беті мен сырт жағындағы бейнелері бірдей.
Номиналы 500 теңгелік күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында нақты құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу, аударым жасау үшін қабылдануға, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Күміс монеталар кәдесый орамасымен шығарылады, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі ҚҰБ нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Ақпаратты «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Алматы қалалық филиалы әзірледі.