
Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген көп балалы отбасынан шыққан оқу үздіктері студенттеріне ынталандыру мақсатында мемлекет әлеуметтік қолдау көрсетеді.
Сонымен, Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлемелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес», Алматы қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жан басына шаққандағы орташа табысы біржолғы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, емтихан сессиясының «өте жақсы» бағасына сәйкес келетін бағалау баламасы нәтижелері бойынша 10 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Оны алу үшін тұрақты тұрғылықты жері бойынша Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөліміне келесі құжаттармен өтініш беру қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) кірістері туралы мәліметтер;
3) өмірлік қиын жағдайдың басталғанын растайтын акт және/немесе құжат;
4) «өте жақсы» бағалары бар транскрипт
Алматы қаласы бойынша 2022 жылдың 1 тоқсанында күнкөріс деңгейі 40 925 теңгені құрайды.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік көмек туралы қосымша ақпаратты тұрақты тұрғылықты жері бойынша Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдеріне мына мекенжайлар бойынша алуға болады: