
Ағымдағы жылы "Халықтың бюджетке қатысуы" жобасы аясында 40,1 млрд теңге сомасына 934 жобалық ұсыныс түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 138 жобаға артық немесе өсім 17%-ды құрады (2019 ж. – 333, 2020 ж. - 796).
Іріктеу нәтижелері бойынша сараптамалық кеңестер дауыс беруге 16,9 млрд теңгеге 484 жобаны жіберді, 450 жоба қабылданбады.
Қала тұрғындары 84 359 дауыс берді, оның ішінде 80 029 электрондық тәсілмен және 4 330 қағаз тасымалдағышта.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 9,6 млрд теңгенің 271 жобасы іріктелді.