
Құрметті брифингке қатысушылар!
ТҮКШ реформасын іске асыру барысы туралы қысқаша баяндағым келеді (анықтама: ҚР Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығының 143-тармағы).
Алматы қаласында елдегі ең ірі тұрғын үй қоры, шамамен 8 645 КПТҮ құрайды, оларға 820-дан астам басқару органдары (ПИК, ТК, ПИТК және т.б.) қызмет көрсетеді (Анықтама: 50-ге жуық иесіз басқару органдары таратылды).
Бұл ретте, тек 7 517 КПТҮ басқарудың жаңа нысандарына көшуге жатады (Анықтама: 1 128 КПТҮ басқарудың жаңа нысандарына көшуге жатпайды, атап айтқанда:
- 135 КПТҮ ҚИК және ҚТФ барлық пәтерлердің жалғыз меншік иесімен.
- 993 КПТҮ ескірген деп танылды).
Сонымен қатар, әкімдікпен қалалық Жол картасы, сондай-ақ тұрғындар арасында жиналыстар өткізу кестесі бекітілді. Тұрғындармен және қолданыстағы басқару органдарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етумен аудандар бөлінісінде 8 мобильдік топ (тұрғын үй инспекциясының және аудандық әкімдіктер аппараттарының өкілдері) құрылды.
Халықты кеңінен қамти отырып, енгізілген түзетулерді түсіндіру үшін 2020 жылдан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «ТҮКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдерінің, қала аудандары әкімдерінің қатысуымен қала тұрғындарымен және жұртшылықпен кездесулер өткізілді.
Сондай-ақ, БАҚ-пен белсенді жұмыс жүргізілуде, орталық телеарналардың қатысуымен репортаждар түсірілді, онда бірнеше үлгілі мүлік меншік иелерінің бірлестігі жұмысы көрсетілді (Анықтама: Хабар, Алматы арнасы, 24KZ және т.б.), интернет-ресурстарда 100-ден астам жарияланымдар ұйымдастырылды, қоғамдық орындарда прокатқа арналған іс-қимыл алгоритмін беретін бейне ролик жасалды, халыққа арналған брошюралар берілді, 200-ге жуық онлайн кездесулер өткізілді, сондай-ақ Call-орталық шеңберінде 225-14-31 нөмірі бойынша 2500-ге жуық тұрғынға кеңес берілді.
2021 жылғы 28 қыркүйекте Тұрғын үй саясаты басқармасы ҚР кооперативтері мен басқа да экономикалық қоғамдастықтардың ұлттық қауымдастығымен (Өзін-өзі реттейтін ұйымдар) өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Кездесулер барысында тұрғындарға барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша түсіндірме бере отырып, қолданыстағы заңнамаға енгізілген негізгі түзетулер таныстырылады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін 2 500 КПТҮ қамтумен 800 жиналыс өткізілді.
Мәселен, бүгінгі күнгі жағдай бойынша 600 мүлік меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ) тіркеліп, кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысаны ретінде 2 182 жай серіктестік (ЖС) таңдалды. Алматы қаласы бойынша барлығы 2 782 жаңа басқару нысаны тіркелген, шамамен 2 975 КПТҮ немесе 39% қамтылған (Анықтама: бірнеше КПТҮ бір ММИБ немесе ЖС тіркейді: «Долина роз» ТК, «Керемет» ТК, «Премьера» ТК және т.б. сияқты).
Бұдан басқа, ТҮКШ реформасын іске асыру барысында туындаған проблемалық мәселелерді атап өту қажет.
(ПИК-тің үйді ММИБ-ке беруден бас тартуы)
Бұл ретте, жергілікті атқарушы органда құжаттарды талап ету бойынша өкілеттіктер жоқ.
Басқару органдарының жұмыс істеп тұрған басшыларына ықпал ету шаралардың болмауына байланысты КПТҮ-ге барлық қажетті құжаттаманы (техникалық, атқарушы және қаржылық) беру көбінесе сот шешімі бойынша жүзеге асырылады, өйткені басқару органдарының төрағалары қабылдау-беру актісіне өз еркімен қол қоюдан бас тартады.
Бұл ретте, сот даулары орта есеппен 1 жылға дейін созылады, бұл тұрғындар арасында әлеуметтік шиеленісті тудырады (Анықтама: ағымдағы жылдың басынан бастап сот сатыларында 50-ден астам азаматтық іс қаралуда).
ШЕШІМІ:
Қолда бар барлық құжаттаманы, оның ішінде қаржы бойынша құжаттарды ерікті түрде беруден бас тарту арқылы кедергі келтіргені үшін жұмыс істеп тұрған басқару органдары (ПИК, ПИТК және т.б.) басшыларының жеке әкімшілік жауапкершілігін қарастыру.
(Аула аумақтарын күтіп-ұстау)
Сондай-ақ, қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері кондоминиум құрамына енгізілмеген үй маңындағы және аула аумақтарын тазартудан бас тартады.
ШЕШІМІ:
Үй маңындағы және аула аумақтарын күтіп-ұстау кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің бірыңғай сыныптамасын әзірлеу және бекіту, оларды күтіп-ұстау жөніндегі нормативтерді одан әрі
бекітуді орынды деп санаймыз.
Жоғарыда көрсетілген проблемалар бойынша Қала әкімдігі түзетулер енгізу қажеттілігі туралы хаттарға бастамашылық етті, олар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және Парламент депутаттарына берілді, бұл мәселе жұмыс үстінде.
Сонымен қатар, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қаламыздың тұрғындарына өтініш білдіргім келеді!
Құрметті тұрғындар! Сізді белсенді болуға шақырамын.
Заң, нормативтік-құқықтық актілер бар, оларды қолданыңыз!
Кеңес беру үшін біздің есігіміз Сіздер үшін әрдайым ашық, біздің Басқарма Әлеуметтік қызметтер үйінде Достық даңғылы, 85 мекен-жайы бойынша орналасқан.
Бірінші қабатта «бір терезе» қағидаты бойынша барлық әлеуметтік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Сондай-ақ, 225-14-31 нөміріне хабарласа аласыз.
Назарларыңызға рахмет!
Егер сұрақтарыңыз болса, қоя берулеріңізге болады.