Лого

Меню

Страницы

Статья

7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтарына бөлу бойынша түсініктемелер

Ағымдағы жылдың 24 қазан айынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенін хабарлайды, ол жеті жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеу бойынша мемлекет көрсететін әлеуметтік көмекті, оның ішінде баланың денсаулық жағдайына, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне және организм функцияларының бұзылуына байланысты мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшерлерін саралауды көздейтін норманы регламенттейді.

 Мүгедек балаларды жетіден он алты жасқа дейін мүгедектік тобын анықтау үшін қайта куәландыру кезінде, осы кезең ішінде мүгедектік тобына әсер ететін, бірақ алты айдан аспайтын мән-жайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап кезең есептеледі.

Заң қолданысқа енгізілген күні жеті жастан он алты жасқа дейінгі мүгедек балалардың МӘС бөлімдері бұрын «мүгедек бала» санаты бойынша белгілінген мүгедектік кезеңіне МӘС актісінде (-тарында) бар деректер және тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін бағалау негізінде сырттай шығарылған сараптамалық қорытынды негізінде автоматтандырылған режимде жүргізілді.

 

Мүгедектіктің белгіленген топтарындағы мүгедек балалардың саны

Аймақ

7 жастан 16 жасқа дейінгі барлық саны

1 топ мүгедек бала

2 топ мүгедек бала

3 топ мүгедек бала

Алматы

4460

848

1327

2285

 

Заңға сәйкес мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі-МӘЖ) және арнайы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі-АМЖ) 2021 жылы 24 қазан айынан бастап мөлшері:

* Бірінші топтағы МБ -тиісінше 1,92 ПМ және 1,49 АЕК;

* Екінші топтағы МБ -тиісінше 1,59 ПМ және 1,49 АЕК;

* Үшінші топтағы МБ -тиісінше 1,4 ПМ және 0,96 АЕК.

 

 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 1 қараша айында бұйрығы күшіне енгеннен кейін мүгедектік топтар автоматты түрде бір рет жүргізілді.

Осыған орай, заң күшіне енген күні 7 жастан асқан мүгедек балалардың ата-аналарына/заңды өкілдеріне мүгедектік тобын белгілеу мақсатында қайта куәландыру үшін медициналық ұйымдар мен МӘС бөлімдеріне жүгінудің қажеті жоқ.

Бірақ та, шығарылған сырттай шешіммен келіспеген жағдайда мүгедек баланы МӘС жүргізу қағидаларына сәйкес мүгедектік тобын белгілеу мақсатында 7 жастан 16 жасқа дейін мерзімінен бұрын қайта куәландыру жүргізіледі.

Дата публикации
24 ноября 2021
Дата обновления
24 ноября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы