Лого

Меню

Страницы

Статья

О результатах регистрационной кампании

2021 жылғы 24 қарашаға арналған

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық

басқарма басшысы орынбасарының

сөз сөйлеу жобасы

 

Қайырлы күн құрметті алматылықтар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

 

Тіркеу науқанына қатысты тақырыпты жалғастыра отырып, Сіздердің назарларыңызды маңызды тақырыпқа – БМСК (бастапқы медициналық-санитариялық көмек) ұйымдарында медициналық көмекті ұйымдастыру туралы айтып өткім келеді.

Бұл, ең алдымен, емханалық қызметтің кадрлық әлеуеті, материалдық-техникалық базамен жабдықталуы, халыққа уақтылы қызмет көрсету және медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардағы цифрландыру бағдарламасы.

 

Кадр тапшылығы

2021 жылғы 1 қыркүйектегі қорытынды бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында 216 дәрігер мен 214 ОМҚ (ары қарай – орта медицина қызметкері) кадр тапшылығы байқалады.

Халықтың қажеттілігі мен сұранысын ескере отырып, басқарманың ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарында дәрігерлердің тапшылығы келесі мамандықтар бойынша байқалады: анестезиолог-реаниматологтар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, педиатрлар, учаскелік терапевтер, ересектер мен балалар невропатологтары, акушер- гинекологтар және т.б.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша ЖОО бөлінген медициналық түлектердің саны 723 маманды құрайды, оның ішінде интерндер – 359. Сондай-ақ, 373 маман жұмысқа орналастырылды.

Медициналық колледждердің барлық мамандықтары бойынша 3800-ге жуық студенті оқуын аяқтады, оның 264-і мемлекеттік грант бойынша оқыды, оларды жұмысқа орналастыру жалғасуда.

Сонымен қатар, бұл мәселені шешу үшін қосымша 2021-2025 жылдарға арналған кадр тапшылығын жою жөніндегі жол картасы бекітілді.

Жол картасына сәйкес, 120-дан аса тапшы мамандық бойынша резиденттерді даярлауға жергілікті бюджеттен 1 оқу жылына 386 млн теңге сомасында қаржы бөлінді. Сондай-ақ, орта медициналық қызметкерлерді оқытуға 391 грант берілді және өте тапшы мамандықтар бойынша дәрігерлерге 10 қызметтік пәтер бөлу жоспарлануда.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты (ары қарай – Басқарма) (74 медициналық ұйым) ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуеті 6 360 дәрігерден, 13 232 орта медицина қызметкерін (бұдан әрі – СМР) құрайды.

Басқарманың медициналық ұйымдарында 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлердің қамтамасыз етілуі 32,1%-ды және ОМҚ (орта медицина қызметкері) 66,8%-ды құрайды.

 

Жаңа учаскелердің ашылуы

           Алматы қаласы бойынша ЖТД-дің (жалпы тәжірибелік дәрігер) 1 учаскесіне шаққандағы жұмыс көлемі 1 616 адамды құрайды, (жоспарлы жүктеме – 1700), 1 терапевтік учаскесіне – 2 164 ересек адамды (жоспарлы жүктеме – 2200), 1 педиатриялық учаскесіне – 777 адамды (жоспар бойынша 6 жасқа дейінгі балалар халқының 500 адам) құрайды. Педиатриялық учаскелерде 14 жасқа дейінгі балалар тіркелген, 6 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсететін педиатриялық учаскелердің жүктемесін кезең-кезеңімен төмендету жоспарлануда.

Жалпы тәжірибелік дәрігерлердің жүктемесін ескере отырып, медициналық көмек көрсететін бірінші буын ретінде 2021 жылдың 1 қаңтары мен 1 шілде аралығында Алматы қаласы бойынша БМСК ұйымдарында жалпы тәжірибелік дәрігерлердің 15 қосымша учаскесі ашылды. Қала бойынша барлығы 989 учаске ұйымдастырылған.

 

Медициналық ұйымдарды цифрландыруға көшу

Алматы қаласының Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жоспарлы түрде жалғасуда. Қоғамдық денсаулық басқармасы «Даму мед» КМАЖ-мен бірлесіп, науқастарға электронды қызметтердің кең ауқымын алуға мүмкіндік беретін мобильді қосымшалар әзірледі. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті «Даму Мед» КИИС-мен бірлесіп науқастарға электронды қызметтердің кең ауқымын алуға мүмкіндік беретін мобильді қосымшалар әзірледі. Бұл дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін қарау, еңбекке уақытша жарамсыз парақтарын қарау, дәрі-дәрмектерді іздеу және т. б.

Нәтижесінде науқастарға қызмет көрсету уақыты 20%-ға, кезекте тұру 30%-ға қысқарды, науқастың дәрігердің қабылдауына жазылуы 2 есеге және дәрігердің үйге шақырылуы 1,5 есеге қысқарды.

Бұл қосымшаның ыңғайлылығын қазірдің өзінде 859 мыңға жуық адамның жеке кабинетін ашып, онда көрсетілген қызметтерді белсенді пайдалану фактісі растайды.

Бүгінгі таңда 1 856 329 адамға «Электрондық денсаулық паспорты» жасалды, бұл тіркелген тұрғындардың жалпы санының 98%-ын құрады.

Дата публикации
24 ноября 2021
Дата обновления
24 ноября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы