Лого

Меню

Страницы

Статья

"Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және

инвестициялар басқармасы басшысы

орынбасарының Бизнестің жол картасы-2025»

мемлекеттік бағдарламасы бойынша

Цифрлы арналар желісінде

жасаған баяндамасы

 

Қайырлы күн, құрметті журналистер!

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер.

Өздеріңіз білесіздер, мемлекет Басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауындағы тапсырмасы бойынша, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Жыл сайын бағдарлама бюджетінің өсіп жатқанын және ол 3 жыл ішінде 31 млрд. теңгені (2019 жылы – 5,3 млрд. теңге, 2020 жылы – 7,9 млрд. теңге) құрағанын атап өткім келеді. Демек, ағымдағы жылы бюджет
17,7 млрд.теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге көп.

Анықтама үшін:

- 14,5 млрд. теңге – пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға;

- 2,5 млрд. теңге – ішінара кепілдік беруге;

- 690 млн. теңге – қайтарымсыз гранттарға.

Бүгінге дейін, 154 млрд. теңге несие сомасындағы 2 332 жоба мақұлданды. 1 600-ден астам жұмыс орны құрылды.

Анықтама үшін:

- субсидия берілді – 1 291 жоба, сомасы 130 млрд. теңге;

- кепілдік берілді – 879 жоба, сомасы 24,4 млрд. теңге;

- гранттар – 513 млн. теңге сомасындағы 162 жоба мақұлданды (халықтың әлеуметтік осал топтары – 106 жоба, сомасы 326,5 млн. теңге; инновация – 56 жоба, сомасы 186,4 млн. теңге).

Жобалардың аса көп саны: сауда – 17%, әкімшілік және қосымша қызмет – 15% және өнеркәсіп – 13% салаларында қаржыландырылды. Сондай-ақ, жүргізілген талдауға сәйкес, жобалардың 60%-ы негізгі құралдарды, үй-жайларды, жабдықтарды сатып алу үшін инвестициялық мақсаттарға қаржыландырылады. Сауда саласында несиені айналым қаражаттары үшін алады.

Бұдан басқа, ағымдағы жылғы қарашада республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге (650 млн. теңге – кепілдік беруге, 400 млн. теңге – субсидия беруге) мөлшерінде қосымша қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Субсидиялау және кепілдік беру құралдары туралы егжей-тегжейлі менің әріптесім – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік директоры Светлана Викторовна Назарюк айтып береді.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілері үшін мемлекеттік гранттар ұсыну ретінде «Бизнестің жол картасы» шеңберінде бизнесті қолдау құралына жеке тоқталғым келеді.

Бұдан бұрын, 2018-2019 жылдары жыл сайынғы бюджет
145 млн.теңгені құраған болатын, орташа алғанда шамамен 80 жоба қаржыландырылды.

Бірақ, 2020 жылғы пандемияға байланысты, аталған қолдау құралдарына өзгерістер енгізілді: сома 5 млн. теңгеге дейін арттырылды, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау санаты қосылды, жобада олар үшін инновацияның және ақшалай қамтамасыздықтың болуы талап етілмейді, Комиссия мүшелерінің саны 11 адамнан 19 адамға дейін ұлғайтылды, жаңа бағалау критерийлері әзірленді, т.с.с.

Нәтижесінде, 2020 жылы аталған қолдау құралдарын іске асыруға жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлініп, бюджет 705 млн. теңгені құрады, бұл ұқсас кезеңнің бюджетінен 3,5 есеге артық, сондай-ақ тапсырыстардың саны 3 есеге (949 тапсырыс, оның ішінде, халықтың әлеуметтік осал топтары – 382 тапсырыс) артты.

Анықтама үшін: 265 жоба, оның ішінде, халықтың әлеуметтік осал топтары – 495 млн. теңге сомасындағы 184 жоба және 210 млн. теңге сомасындағы инновациялық жоба мақұлданды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы мұндай үрдіс сақталды. Бюджет
700 млн. теңгені құрады. Көктемде конкурстың 1 кезеңі өткізілді, онда 421 жоба қаралды, 513 млн. теңге сомасындағы 162 жоба, оның ішінде, халықтың әлеуметтік осал топтарының санаты бойынша –106 жоба қолдау тапты.

Негізінде, өнеркәсіп саласындағы жобалар қаржыландырылды, олар шамамен 69%-ды құрайды.

Қазіргі уақытта, грантты конкурстық іріктеудің 2 кезеңі өтуде. Қазірдің өзінде, 1 300 тапсырыс келіп түсті, оның ішінде 50%-дан астамы – халықтың әлеуметтік осал топтарының санаты.

2020 жылы қаржыландырылған жобаларға жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша, қазіргі уақытта, жобаның шамамен 30%-ы іске қосылды, 105 жұмыс орны құрылды. Жобалардың аса көп саны агроөнеркәсіп кешені (41,3%), өнеркәсіп (30,2%) және қызмет көрсету (22,7%) саласында іске асырылуда.

Сонымен қатар, бұдан бұрын бизнес үшін бірыңғай оператор ретінде «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы құрылды, ол тегін негізде қызметтің кең ауқымын ұсынады, оның ішінде, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қолдау алуға ниеті бар барлық кәсіпкердің, Байзақов көшесі, 303, 2 қабат, «Инвестициялар үйі» мекенжайы бойынша орналасқан Кәсіпкерлік орталығына өтініш берулерін сұраймыз.

 

Дата публикации
18 октября 2021
Дата обновления
18 октября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы