
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары және БАҚ өкілдері!
(1 cлайд)
Алдағы 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына дайындық ағымдағы жылдың мамыр айында басталып кетті (2021 жылғы 31 мамырдағы №51ө).
(2 cлайд)
Жалпы, алдағы жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде.
Ағымдағы жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша энергия кешені объектілерінің жылыту маусымына жалпы дайындығы 100%-ді құрайды.
– жылу желілерінің дайындығы – 100%;
– электр желілерінің дайындығы – 100%;
– газ желілерінің дайындығы – 100%;
– сумен жабдықтау желілерінің дайындығы – 100%;
– су бұру желілерінің дайындығы – 100%;
– Алматыжылужайэнерго қазандықтарының дайындығы – 100%;
– АлЖЖ энергия көздерінің дайындығы – 100%;
(3 cлайд)
Жылу желілерінің дайындығы
Жылу желілерін гидравликалық сығымдау жүргізілді 1 284,2 км (100%).
Сорғылар мен бекіту арматурасына ағымдағы жөндеу жүргізілді, 10 сорғы мен бекіту арматурасының 40 бірлігі ауыстырылды.
2021 жылы 11,5 км жылу желілерін қайта салу жоспарда
2021 жылы 11,2 км жылу оқшаулау қалпына келтірілді
Ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу - 12 бірлік.
- 20 апаттық және жөндеу бригадасы;
- 150 адам;
- 54 бірлік техника.
- 2021 жылдың басынан 1818 зақым жойылды,
- соның ішінде сынақ нәтижесінде 626 зақым.
(4 cлайд)
Жылу көздері мен қазандықтардың дайындығы 100%-ді құрайды.
82 қазандық пен 1,2 ЖЭО, БЖК жылу көздерінде жедел персонал 4 ауысымда тұрақты негізде тәулік бойы кезекшілік етеді.
Жылу көздеріндегі апаттық қор мен негізгі отын 100% көлемде жинақталған.
- 82 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілді
- Қазандықтарды ауыстыра отырып, технологиялық жабдықты жөндеу
- Технологиялық қосалқы жабдықтарды жөндеу
- Газ жабдықтарын ауыстыру
Жылужайлардағы апатты жою үшін:
– 15 апаттық және жөндеу бригадасы;
– 61 адам;
– Қазандықтарда 159 кезекші адам жұмылдырылған.
(5 cлайд)
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның күшімен күзгі-қысқы кезеңдегі апаттық ажыратуларды төмендету үшін келесі жөндеу жұмыстары жүргізілді:
– ЭБЖ 100% немесе 871 км.
– ҚС 35-220 кВ 100% немесе 61 дана.
– ТП және Тар.П 100% немесе 677 дана;
2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнен сәтті өту және тұтынушыларды сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін «АЖК» АҚ-ның барлық қызметкерлері жұмылдырылды.
(6 cлайд)
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы қаласы бойынша АлӨФ 4746 км пайдаланады.
2021-2022 жж. күзгі-қысқы кезеңге газ желілерінің дайындығы – 100%-ді құрайды.
Жұмыстарды орындау үшін күзгі-қысқы кезеңге:
(7 cлайд)
Халыққа берілетін көмір бойынша
Алматы қаласының тұрғындарына көмір 8 көмір базасынан қамтамасыз етілуде, оның 7-уі Түрксіб ауданында және 1-уі Жетісу ауданында орналасқан.
2021 жылға барлық 8 базаның алдын ала жоспарланған қоры (халық сұранысына қарай өзгереді) 90 мың тоннаны құрайды. 2021 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша базалардағы көмірдің нақты қоры – 27 мың тоннаны құрайды (3,5 мың тонна жолда келе жатыр). Көмір базаларында сатылу бағасы 14-15 мың теңгені құрайды. Халық арасында дүрлігу байқалмайды.
Назарларыңызға рахмет!