Лого

Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың тоғыз айында Алматы қаласы бойынша "Даму" Қорының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысы туралы.

Қайырлы күн, құрметті брифингке қатысушылар. Мемлекеттік бағдарламалардың  іске асырылу барысы жайлы тоқтап өтуге рұқсат етініздер.

Бүгінгі күнде бірінші кезектегі міндеттердің бірі – бұл шағын және орта бизнес секторын қолдау. Дағдарысқа қарсы бірқатар шараларды іске асыру арқылы "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" кешенді және тиімді құралдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды жалғастырып жатыр.

Пандемия Қор қызметтерін цифрландыру процесін жеделдетті. Қазіргі уақытта бизнес-процестердің   94% - ы автоматтандырылған. "Даму" egov порталында қаржылық қызметтерді ұсынатын алғашқы қаржылық агент болып табылады. 2019 жылы Қор өзінің Online-Damu платформасын іске қосты. Барлық өтінімдер онлайн режимінде қабылданады. Субсидиялау шарттарына электрондық тәсілмен де қол қоюға болады. Осылайша, 9 айда 1 291 жоба бойынша жалпы несие сомасы 130,04 млрд.теңгеге субсидиялау шартына қол қойылды, 15,3 млрд. теңге субсидия төленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 есе көп. Алматы қаласы кредит сомасы бойынша өңірлер арасында көшбасшы орынға ие, оның ішінде кредиттер/микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау шеңберінде 4,17 млрд.теңге кредит сомасына 806 жоба және 125,87 млрд. теңге сомасына 485 жаңа жоба II бағыт шеңберінде қолдау тапты.

Мемлекет басшысының пандемия кезінде экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында микро/шағын және орта кәсіпкерлік үшін субсидиялар беру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Алматы қаласы бойынша бірінші толқын аясында 1,5 млрд теңге сомаға 825 шартқа; 2 толқын аясында - 570 млн теңге сомаға 273 шартқа; 3 толқын бойынша шамамен 428 млн теңге сомаға 337 шартқа қол қойылды. Мұның барлығы 2,5 млрд теңгеге 1 435 келісімшарт жобасын құрайды.

2021 жылдың 9 айында кепілдік беру құралы бойынша. жалпы несие сомасы 24 386 млн.теңгеге 879 кепілдік берілді., кепілдік сомасы 11 082 млн.тг. құрайды. 2020 жылмен салыстырғанда жобалардың саны бойынша өсу серпіні 511% - ды құрайды (2020-172 жоба.). Қаржыландырылған жобалар құрылымында өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау және қызмет көрсету салалары басым. Кепілдік беру құралы бойынша Алматы қаласының үлесі Қазақстан Республикасының өңірлері арасында 7% - дан астамды құрайды.

Қарапайым заттар экономикасы (басым жобаларды кредиттеу тетігі) бағдарламасы шеңберінде биыл оңтүстік астанада 20 млрд.теңгеден астам сомаға 20 жоба қолдау алды, ең көбі өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалар кездеседі.

 

Назарларыңызға рахмет! Біз сұрақтарға қуана жауап береміз.

Дата публикации
11 октября 2021
Дата обновления
11 октября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы