
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында теңгенің АҚШ долларына нарықтық бағамы бір АҚШ долларына 418,71 – 430,15 теңге аралығында өзгерді. АҚШ долларының орташа алынған сату бағамы қыркүйек айының аяғында бір АҚШ доллары үшін 426,45 теңгені құрады. Долларды сатып алу бойынша мәмілелер көлемі 49,9% -ға артты, 1 813,5 млн.-ды құрады, сатылым көлемі 17,1%-ға артып, 2 486,5 млн. долларды құрады.
Еуро бағамы 500,89 – 519,19 теңге аралығында өзгерді.Қыркүйек айының аяғында еуроның орташа сату бағамы 1 еуро үшін 501,92 теңгені құрады. Сатып алу-сату мәмілелерінің көлемі 26,1% -ға артып, 117,3 млн.теңгеге жетті Еуро сатылуы 27,8%-ға артты және 258,9 млн. теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы бір валюталық бірлік үшін 5,63 – 5,89 теңге аралығында өзгерді. Ресей рублінің орташа алынған сату бағамы қыркүйек айының аяғында 1 рубль үшін 5,89 теңге болды. Сатып алу-сату мәмілелерінің көлемі 5 348,0 млн. теңгеге дейін 18,8% -ға артты.Ресей рублінің сатылуы 24,8%-ға өсті және 11 093,5 млн. құрады.
Депозиттердің көлемі 6 474,3 млрд.теңгені құрады және 22,4% -ға дейін өсті. Жеке тұлғалардың салымдары 20,6% өсіп, 4 695,0 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 27,4%-ға өсті және 1 779,4 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық валютада депозиттер 3 553,9 млрд. теңгеге дейін, 42,3% -ға өсті. Шетел валютасында депозиттер 2 930,5 млрд. теңгеге дейін, 4,7% -ға өсті.
Есепті кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша қысқа мерзімді депозиттер бойынша орташа жылдық пайыздық мөлшерлемелер ұлттық және еркін айырбасталатын валюталарда тиісінше 7,0% және 0,2% болды.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында банктердің несие беру 36,5% -ға артып, 8 019,6 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы кредиттердің үлесі 89,5% құрады. Кредиттеудің салалық құрылымы өнеркəсіптік жəне саудадағы тиісінше 15,0%, 39,7% басым бағыттарды сақтап қалды.
Қарыз берешегі 7 809,2 млрд. теңгеге дейін 16,8% артты.
Шағын бизнес субъектілеріне берілген несиелер бойынша берешек 43,6% -ға өсіп, 1 866,4 млрд. теңгені немесе экономикадағы несиелердің жалпы көлемінің 23,9% -ын құрады.
2021 жылдың қыркүйек айында банктік заемдар бойынша орташа жылдық пайыздық ставкалар қысқа мерзім ішінде теңгеде - 11,7%, шетел валютасындағы – 4,0%, ұзақ мерзімді кезеңде – 16,2% және шетел валютасындағы 4,4% болды. Шағын бизнес үшін қысқа мерзімді кезеңде тиісінше 12,5% және 3,4%, ал ұзақ мерзімді кезеңде тиісінше 15,4% және 4,0% болды.
Жалпы алғанда, халық тұтыну қажеттілігіне 1 795,7 млн. теңге берілді, бұл 2,4 есеге артты. Шетел валютасындағы несиелердің үлесі 0,2% -ды құрады.
Тұтынушылық несиелер бойынша несиелік берешек 1 713,7 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезеңнің 160,1% -ын құрады. Ұлттық валютадағы несиелердің үлесі 99,6% -ды құрады.
Тұтынушылық мақсаттарға берілген несиелер бойынша мерзімі өткен берешек 70,8 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты және 15,1%-ға төмендеді.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек ай аралығында тұрғын үй құрылысына және сатып алуға ипотекалық несие берешегі 676,5 млрд. теңгені және жеке кәсіпкерлер үшін 590,7 млн. теңгені құрады.