
2020 жылғы 13 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға(бұдан – әрі Заң, 2020 жылғы13 қарашадан бастап заңдыкүшіне енеді) қол қойылды, оны мен террористік тұрғыдан осал объектілердің (бұдан әрі – ТТО объектілері)терроризмге қарсы қорғалуын реттеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Өзгерістерге сәйкес осы салада объектілердің салалық тиесілігіне және қызмет бағытына байланысты олардың әртүрлі санатына терроризмге қарсы қорғалудың белгілі бір талаптарын бекітуді көздейтін салалық тәсіл енгізіледі.
Осыған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» (осы қаулымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысы күшін жоюға қойылады) және«Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» (осы қаулымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы №876 қаулысы күшін жоюға қойылады) Үкімет қаулыларының жобаларын әзірледі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне қарауға енгізді.
Осы нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін бейінді ведомстволарға 2020 жылдың соңына дейін ведомстволық бағынысты объектілердің ерекшеліктерін ескере отырып, ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық және техникалық регламент әзірлеу міндеті қойылады.
Сонымен қатар заңнамалық өзгерістер көрсетілген салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының қызметіне де әсер етті.
Жаңадан енгізілген нормаларға сәйкес барлық қойылатын талаптарға сәйкес келетін объектілер үшін тексеру кезеңділігі екі жылда бір рет жүргізілетін болып қысқартылды. Сол уақытта «кезеңдік» және «жоспардан тыс» тексеру түсініктері енгізіледі, олар террористік қауіп деңгейі жарияланған жағдайда, сондай-ақ бұрын анықталған заң бұзушылықтардың жойылғанын қайта тексеру мақсатында өткізілуі мүмкін.
Заңмен ТТО объектісінің меншік иесіне терроризмге қарсы қорғалу жүйесіндегі кемшіліктерді жою үшін берілетін мерзім бір жылға дейін арттырылды.
Өз кезегінде, бұрынғыдай объектілердің басшылары терроризмге қарсы қорғалуға қаржы қаражатын көздеуге, өз персоналымен терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруға,уәкілетті мемлекеттік органдар, терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штабтар өткізетін терроризм актілеріне ден қою мәселелері бойынша іс-шараларға қатысуғаміндетті.
Сондай-ақ заңнамалық өзгерістер тексеруді жүзеге асыру тәртібін, тексеруші органның, сондай-ақ тексеру субъектісінің құқықтары мен міндеттерін, тексеру нәтижелерін сот және жоғары тұрған органдарда шағымдану мүмкіндігін егжей-тегжейлі регламенттейді.
ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы саласын реттеудің жаңа заңнамалық механизмдерін құқық қолдану практикасына уақтылы енгізу мақсатында Ішкі істер министрлігі мынадай шаралар қабылдады:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі №582 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 540 бұйрығына (2020 жылғы 14 қарашадан бастап заңды күшіне енеді) қол қойды.
Осы бұйрыққа сәйкес одан әрі тексеру парағынсыз, бірақ бейінді техникалық регламенттер негізінде ТТО объектілерін тексеру жүзеге асырылатын болады.
«Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23қазандағы № 698 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы, 2020 жылғы 14 қарашадан бастап заңды күшіне енеді) қабылданды.
Қаулыда ТТО объектілерінің күзетілуін қамтамасыз ететін адамдардың(күзет құрылымдарының, қарауылдардың, жауынгерлік ауысымның) мәртебесінақтыланды, объектілердің паспортын әзірлеу кезінде олардың ерекшеліктері ескерілді, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері, басқа әскерлері мен әскери құрамалары ТТО объектілерінің, осы салада мемлекеттік бақылауға жатпайтын арнайы мемлекеттік органдар (ҰҚК, МКҚ) объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын келісу қажеттілігі туралы норма алынды.