
Қаламыздың мәдени инфрақұрылымы 160-қа жуық мәдениет нысандары мен ұйымдардан тұрады. Оның ішінде 53-і республикалық, 55-і қалалық, 6-ы ведомстволық және 52-і жеке меншік ұйымдар және 162 тарих және мәдениет ескерткіштері бар.
Алматы қаласы әкімінің қолдауымен қалалық кітапханаларды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылы жалпы ауданы 5 554,10 шаршы метрді құрайтын қаланың 10 кітапханасы жаңғыртылды. Кітапханаға жөндеу жұмыстары жүргізілгенге дейін 758 000 адам келсе, бүгінде келушілердің саны 1 260 000 адамды құрайды. Өздеріңіз байқағандай, жалпы өсім 60%-дан асқан.
Жаңғыртуға дейінгі шығармашылық үйірмелердің жалпы саны – 40 болса, жаңғыртудан кейін – 91 үйірмеге жетті. Жалпы өсім 127,5 пайызға артқан.
Қалалық кітапханалар негізіндегі барлық іс-шаралар, шығармашылық үйірмелер тегін өткізілетінін және кітапханалардың жұмыс уақыты ұзартылып, күн сайын 20.00 сағатқа дейін келушілерді қабылдайтынын атап өткім келеді.
Алматы қаласы әкімінің «Шетсіз қала» бағдарламасы және Almaty Creative стратегиясын іске асыру аясында 2020 жылдың желтоқсанында Алатау ауданында ашылған «ALATAU CREATIVE HUB»-ында балаларға арналған 25 тегін шығармашылық үйірме, коворкинг-кеңістік пен шеберлік сабақтарына арналған алаңдар тұрғындарға қызмет көрсетеді. Келушілердің саны 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап 100 000 адамнан асып кетті.
Анықтама үшін: Тегін шығармашылық үйірмелер тізімінде Мұрат Мұтұрғановтың «Сен жұлдызсың» цирк өнері мектебі, Диана Шарапованың вокал мектебінің музыкалық курстары, өнер мен мәдениеттегі жаңа технологияларға екпін жасайтын білім беру-көрме орталығы «Art Bit» Мультимедиа Арт орталығы бар. Осындай үйірмелердің бірі Etnokonstruktor - халық дәстүрлері негізіндегі ойын «Киіз үй» конструкторы болып табылады.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін Алматы қаласы әкімінің қолдауымен Мәуленов көшесі, 46 мекенжайында жаңа кітапхана ашу жоспарлануда.
Алматы қаласы әкімінің тікелей қолдауымен шығармашылық зиялы қауымды қолдау мақсатында, Қазақстан Жазушылар Одағы ұсынған 51 ақын-жазушының шығармаларын жарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде кітапханалардың жалпы қоры 20 пайызға артады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру жобасы енгізілді. Бұл 4 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беретін жоба.
Қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие шығармашылық үйірмелерге аспаптық орындаушылық үйірмелер, атап айтқанда домбыра, фортепиано, бейнелеу өнері үйірмелері, ұлттық және заманауи билер, актерлік өнер, эстрадалық вокал, цирк өнері жатады.
Мәдени мұраның бір бөлігі ретінде дәстүрлі өнер мен қолөнерді дамытуға назар аударылады.
Кезек үйірменің 59 түрінің әрқайсысына жеке-жеке қалыптастырылады. Бүгінгі таңда 8 000-нан астам балалар мен жасөспірімдер белсенді ваучерлер арқылы 26 түрлі шығармашылық үйірмелерге қатыса бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында келесі жылы 40 000-нан астам адамды қамту жоспарланып отыр.
Жобаны іске асыруға қатысты барынша толық тоқталғым келіп отыр. Өнім берушілерді, сондай-ақ балалардың ата-аналарын шығармашылық үйірмелерге қатысуға тіркеу үшін artsport.edu.kz сайтында тіркеуден өту қажет.
Балалар мен жасөспірімдерді кезекке қосу электрондық форматта жүзеге асырылады. Порталда нөмірлеу және ваучерді алу автоматты режимде бір секунд ішінде жылдам жүзеге асырылады. Порталдағы кезек үйірменің әрбір түріне жеке қалыптастырылады. Өтініш беру кезінде нақты шығармашылық үйірмені ғана көрсету қажет.
Порталдағы өтінімдер 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Басқарма Өнім берушілермен де, ата-аналармен де белсенді кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.
Басқарма ведомстволық бағынысты ұйымдармен бірлесіп, осы кезеңге рұқсат етілген барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, есепті кезеңде онлайн және офлайн форматта 520 іс-шара өткізіп, интернет ресурстарда оларды 4 млн. астам көрермен тамашалады.
Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев бекіткен «Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс -шаралар жоспары» негізінде Мәдениет басқармасы мен бағынысты мекемелердің қатысуымен 18 негізгі іс -шара қарастырылған. Жоспар аясында ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдер, фестивальдар, көрмелер, концерттер, кездесулер, байқаулар және т.б. өткізілуде.
Мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі қалалық жоспар бекітіліп, оған жан-жақты бағытты қамтитын 36 мәдени және танымдық іс-шара енгізілді.
Ағымдағы жылғы 26 ақпанда Достық даңғылы 44 мекенжайы бойынша орналасқан Жамбыл ескерткішіне зиялы қауымның қатысуымен салтанатты гүл шоғын қою рәсімі өткізілді.
Қала музейлері мен кітапханаларында, концерттік мекемелерінде Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған дөңгелек үстелдер, көрмелер, конференциялар мен поэзиялық сағаттар, ән-жыр кештері ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, «Жамбыл Жабаевтың өлеңдері мен толғаулары» кітабын басып шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Республика сарайында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған еске алу кешінің онлайн түсірілімі жоспарлануда. Қорытындысы бойынша аталған кеш Алматы телеарнасында көрсетілетін болады.
Ағымдағы жылдың 1-7 ақпаны аралығында Алматы қаласының әкімдігі қайраткердің мерейтойына орай «Есіңе мені алғайсың» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан Республикалық онлайн байқауын өткізді (бас жүлдені Павлодар қаласының тұрғыны Еркежан Төлеубекқызы (1 млн.теңге), басқа да жүлделі орындарды Екібастұз, Семей және Алматы қалаларының тұрғындары (моноблок, ноутбук) иеленді).
17 мамырда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам және саяси қайраткер Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған «Танып – біліп өзімізді өзгеден, біз көшеміз өзімізге бет алып: Олжас және мәдениеттерді жақындастыру» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті.
18 мамырда Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрында Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойы тойланды.
Басқарма қызметінің тағы бір негізгі бағыты – тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау. Бүгінгі таңда қаламызда Мемлекеттік тізімге енгізілген 162 (129 жергілікті маңызы бар, 33 республикалық маңызы бар) тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Қазір оларды паспорттау және қала аумағында орналасқан Сақ дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты 8 кәсіпорын мен мекеме де сүйікті қаламыздың мәдени өміріне белсене атсалысып келеді.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы музейлер бірлестігі жалпы саны 100-ден астам қатысушыны қамтыған «МузейFEST-2021» республикалық онлайн-акциясын өткізді. Жыл басынан бері музейлер негізінде 30-дан астам көрме өткізіліп, 248 іс-шара ұйымдастырылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33%-ке (2020 ж. - 186 іс-шара) көп екенін атап өту қажет.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналып Алматы музейінде Қарасаз ауылында орналасқан М. Мақатаевтың әдеби-мемориалдық музейінің «Алаш жырының ақиығы – мұзбалақ Мұқағали» М. Мақатаевтың әдеби-мемориалдық музейі көшпелі көрмесі өткізілді.
Елімізде жыл бойы демалыссыз жұмыс істейтін жалғыз театр - Мемлекеттік қуыршақтар театры қазан айында Анкара қаласында өтетін V Халықаралық «Анкара» қуыршақ театрлар фестиваліне қатысып, қазақ театрының өнерін халықаралық сахнада паш етпек.
Ұлттық домбыра күніне арналған онлайн форматта «Аңыз домбыра» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қуыршақтар театрының аумағында ауданы 268 шаршы метрді қамтитын екі қабатты қосымша өндірістік корпустың жеке тұратын құрылысы жүргізілуде, онда декорациялардың бөліктері, костюмдердің бөлшектері, сондай-ақ қуыршақтар жасалады.
Құрамына 26 кітапхана кіретін Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызығушылықтары бойынша үйірмелер ашу, өскелең ұрпақты әдебиет пен оқуға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Мәселен, жыл басынан бері кітапханаларда 1843 іс-шара өткізілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға (2020ж. 1412 іс-шара) артық.
Жыл басынан бері Алматы хайуанаттар бағында 130-дан астам төл дүниеге келді, сондай-ақ аюлар мен гиеналарға арналған жаңа қоршау салынды. Бұл хайуанаттар бағына бару динамикасына оң әсер етті. Биыл хайуанаттар бағына 565 289 адам келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 200%-ға (2020ж. - 208 362 адам) көп.
Мемлекеттік архивтің негізгі қызметі – құжаттарды сақтау мен және ақпараттандырудан бөлек, түпнұсқадағы құжаттарды көрсете отырып, көптеген виртуалды тарихи-деректі көрмелер, онлайн сабақтар және дәрістер ұйымдастырылды.
Қазақ мемлекеттік циркі пандемиядан кейін залдың 30%-ын толтыра отырып, көрермендерге аты аңызға айналған қазақ палуаны және цирк әртісі Қ. Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған жаңа «HELLO CIRCUS» бағдарламасын ұсынды. Барлығы 4 982 адамды қамтыған 10 қойылым өткізілді.
Алматы қаласының мәдени әлеуетін дамыту және мәдениет пен өнер қайраткерлерін қолдау Алматы әуендері мекемесінің негізгі мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев тағайындаған ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "Nauryz-2021" ұлттық сыйлығымен Алматы әуендері жанындағы "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблі марапатталды.
«Almaty gallery» галереясында 7 тақырыптық көрме өткізілді. Қазір галереяда ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Амандос Ақанаевтың бірегей туындылары қойылған. Қазіргі кезде галереяда өткізілетін көрмелерді барып тамашалауға болады.
Алдағы уақытта «Жаңы ғасыр» театрының репертуарына Мұқағали Мақатаев туралы жаңа қойылым көрсетілетін болады.
«Алатау» дәстүрлі өнер театры қазақ халқының шығармашылығын насихаттау бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізуде. Әртістер өңірлік және республикалық деңгейдегі фестивальдар мен конкурстарға белсене қатысуда. Театр әртісі Нұрзат Қару Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысының Бас жүлдесіне иеленсе, көру және есту қабілеті шектеулі адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыру қызметінің «Армандастар» ансамблінің әншісі Кристина Краморенко Тараз қаласындағы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған өнер фестивалінде І орын алды.
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Жыр Жолбарыс» қойылымы сахналанып, театрдың тұрақты репертуарына енді. (авторы: Әннәс Бағдат, реж: Есләм Нұртазин).
Театр спектакльдерін жыл басынан бері 2000 көрермен тамашалады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50%-ға (2020 ж. – 1332 адам) көп.