Лого

Меню

Страницы

Статья

2021 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ШІЛДЕДЕГІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Тұрмыс деңгейі

2021 жылғы І тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша 166554 теңгені құрады, бұл 2020 жылғы І тоқсанға қарағанда 2,5% жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 4,2%-ға төмендеді.

Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу

2021 жылғы ІІ тоқсанда жұмыссыздар саны 53,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,1% құрады. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2021 жылғы шілде айының соңына 22654 адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,2%.
2021 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 295958 теңгені құрады.

Бағалар

Тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы шілдедегі 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы мен тарифтері 7%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 4,4%-ға, ақылы қызметтері – 2,5%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2021 жылғы шілдедегі 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 9,1%-ға өсті.

Өңірлік экономика

2021 жылғы І тоқсанда жалпы өңірлік өнім көлемі 3000,4 млрд. теңгені құрды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,9%-ды құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 9,4%-ды құрады, қызмет көрсету – 85,3%.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 538603,3 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 19,7%-ға артық.
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 130115 бірлікті құрап, 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,2 %-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 128508 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 85572 құрады, оның ішінде 84131 бірлік – шағын кәсіпорындар.

Сауда

2021 жылғы қаңтар-шілдеде «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі  106,4%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 2044,2 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 115,9%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі 5587,3 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 103,4%-ды құрады (салыстырмалы бағада).

Экономиканың нақты секторы

2021 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 782,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдеге 122,0%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 23,3%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 22,2%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 19,9%-ға кеміді.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 2019,1 млн. теңгені құрап, 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 6%-ға азайды.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 195487,9 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 22,1%-ға артық.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 97,2%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 14127,6 млн. ткм құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 119,3%. Жолаушылар айналымының көлемі 12117,6 млн. жкм құрап – 3,8%-ға артты.

Қаржы жүйесі

2021 жылғы I тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 479,0 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 19,1%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 36,6%-ды құрады.

    

Дата публикации
16 августа 2021
Дата обновления
16 августа 2021
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы