
2021 жылғы І тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша 166554 теңгені құрады, бұл 2020 жылғы І тоқсанға қарағанда 2,5% жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 4,2%-ға төмендеді.
Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу
2021 жылғы ІІ тоқсанда жұмыссыздар саны 53,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,1% құрады. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2021 жылғы тамыз айының соңына 23149 адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,2%.
2021 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 295958 теңгені құрады.
Бағалар
Тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы тамызды 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,6%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы мен тарифтері 7,1%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 5,2%-ға, ақылы қызметтері – 4,2%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2021 жылғы тамызды 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 10,6%-ға өсті.
Өңірлік экономика
2021 жылғы І тоқсанда жалпы өңірлік өнім көлемі 3000,4 млрд. теңгені құрды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,9%-ды құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 9,4%-ды құрады, қызмет көрсету – 85,3%.
2021 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 643019 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 18,4%-ға артық.
2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 130896 бірлікті құрап, 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,3 %-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 129288 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 85758 құрады, оның ішінде 84324 бірлік – шағын кәсіпорындар.
Сауда
2021 жылғы қаңтар-тамызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,4%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 2488,1 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 112,8%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 6565,7 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 103%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
Экономиканың нақты секторы
2021 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 898,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға 122,1%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 23,4%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 22,3%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 19,6%-ға кеміді.
2021 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 2992,7 млн. теңгені құрап, 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 4,5%-ға азайды.
2021 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 240473,7 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 21,4%-ға артық.
2021 жылғы қаңтар-тамызда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 98,7%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 16194,1 млн. ткм құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 119,3%. Жолаушылар айналымының көлемі 14297,2 млн. жкм құрап – 13%-ға артты.
Қаржы жүйесі
2021 жылғы I тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 479,0 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 19,1%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 36,6%-ды құрады.