
2021 жылғы 2 тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша 179206 теңгені құрады, бұл 2020 жылғы 2 тоқсанға қарағанда 13,1% жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 5,9%-ға өсті.
Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу
2021 жылғы ІІ тоқсанда жұмыссыздар саны 53,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,1% құрады. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2021 жылғы қыркүйек айының соңына 20948 адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2%.
2021 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 295958 теңгені құрады.
Бағалар
Тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы қыркүйекте 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,2%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы мен тарифтері 7,8%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 5,6%-ға, ақылы қызметтері – 4,8%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2021 жылғы қыркүйекте 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 10,7%-ға өсті.
Өңірлік экономика
2021 жылғы І жартыжылдыққа жалпы өңірлік өнім көлемі 5846,4 млрд. теңгені құрды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,5%-ды құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 9,1%-ды құрады, қызмет көрсету – 84,1%.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 752848 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 17,8%-ға артық.
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 131683 бірлікті құрап, 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,5%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 130075 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 85630 құрады, оның ішінде 84196 бірлік – шағын кәсіпорындар.
Сауда
2021 жылғы қаңтар- қыркүйекте «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,6%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 2948,8 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 112,6%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 7672,3 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 103,2%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
Экономиканың нақты секторы
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1014,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке 120,1%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 20,7%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 22,1%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 15,6%-ға кеміді.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 7123,9 млн. теңгені құрап, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,8%-ға азайды.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 322760,2 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 24,2%-ға артық.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 101,2%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 18535,3 млн. ткм құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 112,7%. Жолаушылар айналымының көлемі 16499,7 млн. жкм құрап – 18,3%-ға артты.
Қаржы жүйесі
2021 жылғы II тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 573,4 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 19,3%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 31,2%-ды құрады.