
2021 жылдың қаңтар-маусым айларында теңгенің АҚШ долларына нарықтық бағамы бір АҚШ долларына 418,71 – 430,15 теңге аралығында өзгерді. АҚШ долларының орташа алынған сату бағамы тоқсанның аяғында бір АҚШ доллары үшін 428,15 теңгені құрады. Долларды сатып алу бойынша мәмілелер көлемі 54,3% -ға артты және 1 144,9 млн.-ды құрады, сатылым көлемі 19,1%-ға артып, 1 540,7 млн. теңге құрады.
Еуро бағамы 500,89 – 519,19 теңге аралығында өзгерді. Тоқсан аяғында еуроның орташа сату бағамы 1 еуро үшін 516,72 теңгені құрады. Еуро сатып алу көлемі 43,5% -ға артып, 78,6 млн. теңгеге жетті. Еуро сатылуы 27,2%-ға артты және 149,3 млн. теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы бір валюталық бірлік үшін 5,63 – 5,89 теңге аралығында өзгерді. Ресей рублінің орташа алынған сату бағамы тоқсанның аяғында 1 рубль үшін 5,92 теңге болды. Сатып алу көлемі 3 420,2 млн. теңгеге дейін 18,7% -ға артты. Ресей рублінің сатылуы 28,4%-ға өсті және 6 823,9 млн. теңге құрады.
Депозиттердің көлемі 6 292,5 млрд.теңгені құрады және 32,3% -ға дейін өсті. Жеке тұлғалардың салымдары 23,7%-ға өсіп, 4 560,8 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 12,5%-ға өсті және 1 068,7 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық валютада депозиттер 3 295,4 млрд. теңгеге дейін, 54,5% -ға өсті. Шетел валютасында депозиттер 2 997,0 млрд. теңгеге дейін, 14,2% -ға өсті.
Есепті кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша қысқа мерзімді депозиттер бойынша орташа жылдық пайыздық мөлшерлемелер ұлттық және еркін айырбасталатын валюталарда тиісінше 7,1% және 0,7% болды.
2021 жылдың қаңтар-маусым айларында банктердің несие беруі 33,7% -ға артып, 5 043,0 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы кредиттердің үлесі 89,0% құрады. Кредиттеудің салалық құрылымы өнеркəсіптік жəне саудадағы тиісінше 15,6% және 41,1% басым бағыттарды сақтап қалды.
Қарыз берешегі 7 289,4 млрд. теңгеге дейін 11,6%-ға артты.
Шағын бизнес субъектілеріне берілген несиелер бойынша берешек 31,4% -ға өсіп, 1 613,0 млрд. теңгені немесе экономикадағы несиелердің жалпы көлемінің 22,1% -ын құрады.
2021 жылдың маусым айында банктердің кредиттері бойынша орташа жылдық сыйақы (мүдделі) мөлшерлемесі теңгеде – 11,6%, шетел валютасындағы – 4,8%, ұзақ мерзімді кезеңде – 15,5% және шетел валютасындағы 5,3% болды. Шағын бизнес үшін қысқа мерзімді кезеңде тиісінше 12,0% және 4,3%, ал ұзақ мерзімді кезеңде тиісінше 14,3% және 4,3% болды.
Жалпы алғанда, халық тұтыну қажеттілігіне 1 050,0 млн. теңге беріліп, 2,3 есеге артты. Шетел валютасындағы несиелердің үлесі 0,2% -ды құрады.
Тұтынушылық несиелер бойынша несиелік берешек 1 445,1 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың дәл осы кезеңіне тиісті кезеңнің 135,6% -ын құрады. Ұлттық валютадағы несиелердің үлесі 99,4% -ды құрады.
Тұтынушылық мақсаттарға берілген несиелер бойынша мерзімі өткен берешек 67,5 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты және 19,6%-ға төмендеді.
2021 жылдың қаңтар-маусым айларында тұрғын үй құрылысына және сатып алуға ипотекалық несие берешегі 603,5 млрд. теңгені және шағын бизнес үшін 1 027,3 млн. теңгені құрады.