
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Құрметті жас маман!
Алматы қаласының әкімдігі жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен резидентура және магистратурада оқуға білім беру тапсырысына келесі мамандықтар бойынша конкурс жариялайды:
|
№ |
Мамандықтар |
Гранттар саны |
Оқу мерзімі |
|
|
Резидентура |
|
|
|
1 |
Ересектер мен балалардың анестезиологиясы және реанимациясы |
30 |
3 жыл |
|
2 |
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар аурулары |
20 |
2 жыл |
|
3 |
Терапия |
10 |
2 жыл |
|
4 |
Ересектер пульмонологиясы, соның ішінде балалар пульмонологиясы |
8 |
2 жыл |
|
5 |
Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы |
2 |
2 жыл |
|
6 |
Педиатрия |
9 |
2 жыл |
|
7 |
Неонатология |
2 |
2 жыл |
|
8 |
Ересектер неврологиясы, соның ішінде балалар неврологиясы |
3 |
2 жыл |
|
9 |
Отоларингология, соның ішінде балалар отоларингологиясы |
4 |
2 жыл |
|
10 |
Клиникалық фармакология |
2 |
2 жыл |
|
11 |
Ересектер және балалар гастроэнтерологиясы |
6 |
2 жыл |
|
12 |
Жалпы офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы |
2 |
3 жыл |
|
13 |
Жалпы эндокринологиясы, соның ішінде балалар эндокринологиясы |
1 |
2 жыл |
|
14 |
Балалар хирургиясы |
2 |
3 жыл |
|
15 |
Травматология және ортопедия, соның ішінде балалар травматологиясы және ортопедиясы |
2 |
3 жыл |
|
16 |
Ересектер мен балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету |
3 |
2 жыл |
|
17 |
Физикалық медицина және оңалту |
2 |
2 жыл |
|
18 |
Ересектер нейрохирургиясы, соның ішінде балалар нейрохирургиясы |
2 |
3 жыл |
|
|
Магистратура |
|
|
|
1 |
Эпидемиология |
10 |
1 жыл |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда №17650 бұйрығына сәйкес.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурсқа қатысу үшін үміткерлер күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін Алматы қаласындағы медициналық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
3) КТ сертификаты және осы қағидалардың 14 -тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тестілеуден өткені туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және баллы көрсетілген білім беру бағдарламалары топтары үшін (шығармашылық) емтиханды тапсырғаны туралы мәлімдеме (бар болса) (магистратура үшін);
4) қабылдау емтиханын тапсырғаны туралы баллы көрсетілген көшірме (резидентураға);
5) жалпы еуропалық құзыреттіліктерге (стандарттарға) сәйкес шет тілін мемеңгергенін растайтын сертификат және білім беру бағдарламалары топтарына түсу емтиханынан баллы көрсетілген көшірме (докторантура үшін);
6) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс КТ баллдарына және / немесе білім беру бағдарламалары топтары үшін түсу (шығармашылық) емтиханына сәйкес өткізіледі.