
Тұрмыс деңгейі
2021 жылғы І тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша 166554 теңгені құрады, бұл 2020 жылғы І тоқсанға қарағанда 2,5%-ға жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 4,2%-ға төмендеді.
Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу
2021 жылғы І тоқсанда жұмыссыздар саны 53,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,2%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2021 жылғы маусым айының соңына 21510 адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,1%.
2021 жылғы I тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 268463 теңгені құрады.
Бағалар
Тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы маусымда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,5%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы мен тарифтері 6,9%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 3,9%-ға, ақылы қызметтері – 2,2%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2021 жылғы маусымда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 8,4%-ға өсті.
Өңірлік экономика
2021 жылғы І тоқсанда жалпы өңірлік өнім көлемі 3000,4 млрд. теңгені құрды. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,9%-ды құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 9,4%-ды құрады, қызмет көрсету – 85,3%.
2021 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 460740,1 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 26,5%-ға артық.
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 129446 бірлікті құрап, 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,2%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 127828 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 85506 құрады, оның ішінде 84053 бірлік – шағын кәсіпорындар.
Сауда
2021 жылғы қаңтар-маусымда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,6%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі 1 687,7 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 115,9%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 4 712,9 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 103,7%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
Экономиканың нақты секторы
2021 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 675,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға 119,8%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 22,4%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 15,9%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 20,7%-ға кеміді.
2021 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 1509,5 млн. теңгені құрап, 2020 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 7,7%-ға азайды.
2021 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 154664 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 24,1%-ға артық.
2021 жылғы қаңтар-маусымда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 96,6%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 11947,2 млн. ткм құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 121,6%. Жолаушылар айналымының көлемі 9983,4 млн. жкм құрап – 8,1%-ға кеміді.
Қаржы жүйесі
2021 жылғы I тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 479,0 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 19,1%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 36,6%-ды құрады.