
«Ақпаратқа қол жетімділік туралы» Заңға сәйкес, ашық мәліметтер - бұл машинада оқылатын түрде ұсынылған және әрі қарай пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған жалпыға қол жетімді электрондық ақпараттық ресурстар. Басқаша айтқанда, бұл авторлық құқықтың шектеусіз қарапайым көпшілікке ашық, машинада оқылатын форматтағы ақпарат.
Мемлекеттік деректерді ашық деректер түрінде жариялау азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырады және мемлекеттің цифрлық трансформация саласындағы жетістіктерін көрсетеді. Сонымен қатар, статистикалық ақпаратты жинау, өңдеу және ұсыну құралдарын жетілдірудің арқасында ашық мәліметтер бизнес үшін пайдалы.
Әкімдіктің сайтында актуалды байланыс деректері, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты, мемлекеттік органдардың өз өкілеттіктері шегінде жүргізген тексерулерінің нәтижелері туралы, әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі жайлы, әкімдіктің статистикалық салалық мәліметтері сынды ақпарат жарияланған. Орналастырылған ақпараттар уақытында жаңартылып отырады.
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер жиынтығының тізбесі Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 4/577 қаулысымен бекітілген.
Тізбеге сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің ашық деректер жиынтығының жалпы саны 112 жиынтықты құрайды. 2020 жылы қала тұрғындарының сұранысы бойынша және "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ келісімі бойынша 10 бастамашыл жиын қосылды.
«Ашық деректер» критерийі бойынша деректер жиынтығының уақтылы толтырылуы мен ақпараттық мазмұнына, түсініктемелермен жұмыс және халықтың сұрауларына сәйкес қосымша жиынтықтарды анықтауға тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Ашық деректер жиынтығын өзектілендіру бойынша тұрақты жұмыс нәтижесі ретінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің осы бағыт бойынша ашықтығын бағалау ықтимал 20 балдан 18,9 балды құрады.
Анықтама: бүгінгі күні
- Тізбеде бекітілген жалпы санынан ЖАО орналастырылған Ашық деректер жиынтықтарының үлесі 100% құрайды;
- Бекітілген тізбеге сәйкес порталда орналастырылған санынан ЖАО Ашық деректер жиынтықтарының өзектілік үлесі 100% құрайды;
- Порталда жарияланғандардың жалпы санынан ЖАО Ашық деректер жиынтықтарының өзектілік үлесі 100% құрайды.