
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 563,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 119,7% құрады.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция 355,4 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 132,7%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 101,5 млрд. теңгені құрады немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 124,7%-ды құрады.
2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 572,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,3%-ға өсті.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 1 297 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 115,6%-ды құрады.
Көтерме тауар айналымы 3 685,5 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 103%-ды құрады.
Тұтыну бағасының индексі 2021 жылдың мамыры 2020 жылдың желтоқсанына 103,4%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 104,9%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –103,2%, ақылы қызметтер бойынша –101,6% -ды құрады.