Лого

Меню

Страницы

Статья

#Qazaqstan30: Жамбыл мен оның ұрпақтарының эксклюзивті фотосуреттері Алматы облысындағы Жамбыл мұражайында көрсетіледі

18 маусым күні сағат 11.00 мен 15.00-де Алматы облысы Жамбыл ауданының Жамбыл музейінде Алматы қаласы мұрағатының ұйымдастыруымен фото-деректік көрме өтеді.


Аудан тұрғындары мен қонақтарына қазақ ақынының сирек кадрлары көрсетіледі. Кейбір фотосуреттер мен деректер Мәскеу қаласының мұрағатынан алынды.

Еске салсақ, биыл қазақтың суырып салма-поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың (1846-1945) туғанына 175 жыл. Қазақтың ұлы ақынының мерейтойына арналған іс-шаралар Алматы мен Алматы облысының аумағында өтеді. Бұл жолы көрме ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

"Жамбыл қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ерекше орын алады. Ақын импровизатор ретінде импровизация өнерін жоғары деңгейге көтерді. Жамбыл қазақ халқының мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі поэзияның шыңы болды", - дейді көрмені ұйымдастырушы Ләйлә Рахипова.

Алматы қаласының мұрағатынан Жамбыл мұражайына ақынның ұрпақтары келетінін хабарлады. Бұл – шара ерекше өтеді, сондықтан қазақ әдебиетінің барлық оқырмандары оған қатыса алады.

Еске салсақ, Жамбылдың барша әлемге әйгілі туындыларының бірі – "Ленинградтық өренім" жыры. Ақынның үндеуі блокададағы қала тұрғындарына серпіліс беріп, сол кездегі өте ауыр кезеңді бастан кешіруге көмектесті. Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанда ақын туралы естелік, оған деген құрмет пен сыйластық сақталуда.

Іс-шара туралы толық ақпаратты 398 87 67, 8 707 481 4451 нөмірі бойынша Рахипова Ләйлә Қасымқызынан немесе 8 747 262 49 98 нөмірі арқылы Салтанат Жамбыловадан білуге болады.

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы