Лого

Меню

Страницы

Статья

#Qazaqstan30: Танымал күрескер, үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров оқушылармен кездеседі

15 маусым күні сағат 15.00-де Наурызбай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында он оқушы күрескер және ережесіз күрес бойынша үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровпен кездесе алады. Қалғандары трансляция режимінде атақты спортшыға @akimat_nauryzbai_audany Instagram парақшасынан сұрақтар қоя алады.


Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Осы жылдар ішінде Ардақ Назаров жеңіске жетті, жаттығу процесін белсенді жүргізді, әлем бойынша беделді жарыстарға қатысты. Оның жеңістерінің арқасында Қазақстан ММА күресшілері мен жауынгерлерінің ұстаханасы ретінде танымал болды.

Спортшы Отанға деген адалдық, өзінің жеңістері, табандылығы, ерік күші, үлкендерге деген құрмет туралы сұхбат береді.

Ардақ Назаровтың пікірінше, мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Бүгінде әлем чемпионы – көпшілікке үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Айта кетейік, Ардақ Назаров өзінің спорттық қызметін 1991 жылы ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында грек-рим күресі секциясынан бастады. Өзінің еңбек жолында ол жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, грек-рим күресінен, джиу-джитсу мен панкратионнан өткен аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жүлдегер болып, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүр.

Іс-шара өтетін орын: Шұғыла шағын ауданы 347, Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, жауапты тұлға Ф. Ескендірова – 8 775 322 7709

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы