
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы 2021 жылдың 06 мамырында «ALTYN BARYS» монеталарын айналымға шығарылғанын хабарлайды.
«ALTYN BARYS» инвестициялық монеталарын сатылуы kazcoins.nationalbank.kz Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады.
«ALTYN BARYS» инвестициялық монеталары туралы
ALTYN BARYS инвестициялық монеталары – 999,9 жоғары сынамалы, сапасы жоғары алтын монеталар.
Инвестициялық монеталардың ерекшелігі – бұл монеталар жасалған металдың өзіндік құны мен салмағына байланысты табыс әкелетіне мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ережелерге сәйкес, инвестициялық монеталарды Ұлттық Банк кері сатып алуға қабылдай береді және олардың құны монетадағы металдың салмағына қарай есептелінеді.
Барлық номиналдағы инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сәйкес кез келген төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазу үшін және аудару үшін қабылдана береді, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
ALTYN BARYS инвестициялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы әзірледі.