
2021 жылдың 1-тоқсанында теңгенің АҚШ долларына нарықтық бағамы бір АҚШ долларына 418,71 – 420,52 теңге аралығында өзгерді. АҚШ долларының орташа алынған сату бағамы тоқсанның аяғында бір АҚШ доллары үшін 421,61 теңгені құрады. Долларды сатып алу бойынша мәмілелер көлемі 12,3% -ға артты, 518,0 млн.-ды құрады, сатылым көлемі 5,8%-ға азайып, 717,2 млн долларды құрады.
Еуро бағамы 500,89 – 512,31 теңге аралығында өзгерді. Тоқсан аяғында еуроның орташа сату бағамы 1 еуро үшін 504,40 теңгені құрады. Сатып алу-сату мәмілелерінің көлемі 2,3% -ға өсті, 38,7 млн-ға жетті. Еуро сатылуы 4,1%-ға төмендеді және 77,7 млн. құрады.
Ресей рублінің бағамы бір валюталық бірлік үшін 5,63 – 5,64 теңге аралығында өзгерді. Ресей рублінің орташа алынған сату бағамы тоқсанның аяғында 1 рубль үшін 5,72 теңге болды. Сатып алу-сату мәмілелерінің көлемі 1 487,5 млн. теңгеге дейін 29,4% -ға төмендеді.Ресей рублінің сатылуы 16,0%-ға төмендеді және 3 114,7 млн. құрады.
Депозиттердің көлемі 5 783,8 млрд.теңгені құрады және 20,1% -ға дейін өсті. Жеке тұлғалардың салымдары 12,3%-ға өсіп, 4 219,0 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 48,0%-ға өсіп және 1 564,8 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық валютада депозиттер 2 916,0 млрд. теңгеге дейін, 60,8% -ға өсті. Шетел валютасында депозиттер 2 867,8 млрд. теңгеге дейін, 4,5% -ға төмендеді.
Есепті кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша қысқа мерзімді депозиттер бойынша орташа жылдық пайыздық мөлшерлемелер ұлттық және еркін айырбасталатын валюталарда тиісінше 7,1% және 0,7%-ды кұрады.
2021 жылдың 1-тоқсанында банктердің несие беру 13,0% -ға өсіп, 2 161,3 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы кредиттердің үлесі 94,7%-ды құрайды. Кредиттеудің салалық құрылымы өнеркəсіптік жəне саудадағы тиісінше 12,9% және 46,7% басым бағыттарды сақтап қалды.
Қарыз берешегі 6 732,5 млрд. теңгені құрап, 1,0%-ға төмендеді.
Шағын бизнес субъектілеріне берілген несиелер бойынша берешек 10,8% -ға ұлғайып, 1 294,3 млрд. теңгені немесе экономикадағы несиелердің жалпы көлемінің 19,2% -ын құрады.
2021 жылғы наурызда банктердің кредиттері бойынша орташа жылдық сыйақы мөлшерлемелері теңгемен 11,6% - ды және қысқа мерзімді кезеңге шетел валютасымен 4,4% - ды, ұзақ мерзімді кезеңге теңгемен 15,9% - ды және шетел валютасымен 5,8% - ды құрады. Шағын бизнес бойынша қысқа мерзімді кезеңге – тиісінше 12,0% және 3,3% және ұзақ мерзімді кезеңге – тиісінше 14,8% және 6,1%.
Жалпы алғанда, халық тұтыну қажеттілігіне 419,4 млн. теңге берілді, бұл 28,2% өсті. Шетел валютасындағы несиелердің үлесі 0,5% -ды құрады.
Тұтынушылық несиелер бойынша несиелік берешек 1 238,8 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезеңнің 109,5% -ын құрады. Ұлттық валютадағы несиелердің үлесі 99,1% -ды құрайды.
Тұтынушылық мақсаттарға берілген несиелер бойынша мерзімі өткен берешек 71,2 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты және 24,7%-ға төмендеді.
2021 жылдың 1-тоқсанында тұрғын үй құрылысына және сатып алуға ипотекалық несие берешегі 549,1 млрд. теңгені және жеке кәсіпкерлер үшін 1,2 млрд. теңгені құрады.