
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы 2021 жылдың 05 мамырында номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
«JUBAN MOLDAǴALIEV. 100 JYL» монетасының сипаттамасы:
Монетаның аверсінде орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» деген жазу бар.
Монетаның реверсінде Жұбан Молдағалиевтің портреттік бейнесі орналастырылған. Сол жақта мерейтойлық датасы мен соғылған жылын білдіретін «100 JYL», «2020» деген жазулар бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде «JUBAN MOLDAǴALIEV» деген жазу бар.
Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Номиналы 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.
Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы әзірледі.