
Тұрмыс деңгейі
2020 жылғы III тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша 158434 теңгені құрады, бұл 2019 жылғы III тоқсанға қарағанда 6,6% жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 0,3%-ға төмендеді.
Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу
2020 жылғы ІV тоқсанда жұмыссыздар саны 53,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,3%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2021 жылғы ақпан айының соңына 17427 адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,7%.
2020 жылғы IV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 274414 теңгені құрады.
Бағалар
Тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы ақпанға 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы мен тарифтері 2,6%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 0,6%-ға, ақылы қызметтері – 0,4%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2021 жылғы ақпанға 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.
Өңірлік экономика
2020 жылғы 9 айдағы жалпы өңірлік өнім көлемі 8505,5 млрд. теңгені құрды. 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ-нің кемуі 5,2%-ды құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 8,2%-ды құрады, қызмет көрсету – 85,9%.
2021 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 115144,7 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 20,5%-ға артық.
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 127804 бірлікті құрап, 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,1 %-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 126226 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 84895 құрады, оның ішінде 83487 бірлік – шағын кәсіпорындар.
Сауда
2021 жылғы қаңтар-ақпанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 93,5%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-ақпан бөлшек сауда көлемі 527,4 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 95,0%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-ақпан көтерме сауда көлемі 1391,4 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 95,4%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
Экономиканың нақты секторы
2021 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 214,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпанға 117,4%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 24,5%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 7%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 19,1%-ға кеміді.
2021 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 447,9 млн. теңгені құрап, 2020 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 21,2%-ға азайды.
2021 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 16281,2 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 6,9%-ға артық.
2021 жылғы қаңтар-ақпанда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 78,9%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 4324 млн. ткм құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 118,9%. Жолаушылар айналымының көлемі 2753 млн. жкм құрап – 57% кеміді.
Қаржы жүйесі
2020 жылғы III тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 263,5 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 9,2%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 32,6%-ды құрады.