
Тұрмыс деңгейі
2020 жылғы IV тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша 184956 теңгені құрады, бұл 2019 жылғы IV тоқсанға қарағанда 14,3% жоғары, нақты ақшалай табыстары аталған кезең ішінде 6,8%-ға өсті.
Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу
2020 жылғы ІV тоқсанда жұмыссыздар саны 53,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,3%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2021 жылғы наурыз айының соңына 17011 адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,7%.
2020 жылғы IV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 274414 теңгені құрады.
Бағалар
Тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы наурыз 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,7%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы мен тарифтері 3,2%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 1,3%-ға, ақылы қызметтері – 0,3%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2021 жылғы наурызға 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,6%-ға өсті.
Өңірлік экономика
2020 жылғы 9 айдағы жалпы өңірлік өнім көлемі 8505,5 млрд. теңгені құрды. 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ-нің кемуі 5,2% -ды құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 8,2%-ды құрады, қызмет көрсету – 85,9%.
2021 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 191009,6 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 34,5%-ға артық.
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 127502 бірлікті құрап, 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,7%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 125924 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 85061 құрады, оның ішінде 83649 бірлік – шағын кәсіпорындар.
Сауда
2021 жылғы қаңтар-наурызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 96,1%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 801,2 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 98,6%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 2182,9 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 97,6%-ды құрады (салыстырмалы бағада).
Экономиканың нақты секторы
2021 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 328,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға 118,3%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 24,9%-ға өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 5,4%-ға өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 19,5%-ға кеміді.
2021 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 754,3 млн. теңгені құрап, 2020 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 15,7%-ға азайды.
2021 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 48135,3 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 44,7%-ға артық.
2021 жылғы қаңтар-наурызда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 84,5%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 6313 млн. ткм құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 120,3%. Жолаушылар айналымының көлемі 4413 млн. жкм құрап – 50,7% кеміді.
Қаржы жүйесі
2020 жылғы IV тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 518,9 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 16,7%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 33,8%-ды құрады.