
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы 2020 жылдың 28 сәуірінде «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» монеталарын айналымға шығарады.
"QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN " коллекциялық монеталарын сату Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады.
«QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN»коллекциялық монеталары туралы
«Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан номиналы 1000 теңгелік құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталары.
Монеталардың сипаттамасы
Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, «proof» дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалған.