Лого

Меню

Страницы

Статья

Бұрынғы «Жеміс консерві комбинаты» аумағындағы құрылыс жобасы өңдеуден өтіп жатыр

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы бұрынғы «Жеміс консерві комбинаты» аумағындағы құрылысшы «Rams Kazakhstan» компаниясымен жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, құрылыс компаниясы ұсынған құрылыс   жобасын өзгертуге міндеттелді.

Жобаны қайта қарау кезінде Алматы қаласы әкімдігінің және қоғам өкілдерінің ұсыныстары ескеріледі. Сонымен, құрылыс салушы жобада әлеуметтік нысандардың, оның ішінде білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, мамандардың ұсыныстарына сәйкес ғимараттардағы қабат саны өзгертіледі. Бұл ретте абаттындыру  мен көгалдандырумен демалыс аймақтарын құруға ерекше назар аударылатын болады.

Бұрынғы «Жеміс консерві комбинаты» аумағындағы құрылыс жобасының әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Алматы әкімдігі жаңа құжатпен жұмыс жасау үшін қаланың жетекші сәулетшілері - С. Фазылов, Н. Хамитов, А. Ақпай және басқа да беделді қала құрылысшыларын шақырды.

Бұған дейін хабарланғандай, Жандосов, 94, 94/16, 94/8;  Кекілбайұлы к-сі, 6; 20-линия к-сі, 39 («Жеміс консерві комбинаты» ауданы) мекенжайы бойынша жер учаскесіндегі құрылыс  жобасын жүзеге асыру ТОҚТАТЫЛДЫ.

Халыққа қызмет көрсету нысандары бар көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін жобалау алдындағы құжаттама КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ. Бұрын осы жылдың 26 сәуіріне жоспарланған жобаның бірінші нұсқасы бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша қоғамдық тыңдаулар ТОҚТАТЫЛДЫ.

Алматы қаласының көрсетілген аймағында құрылысқа жол берілмейді. Өзгертілген жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі тек көпшіліктің талқылауына, қала тұрғындарының қолдауына ие болғаннан кейін ғана қарастырылады.

21 сәуір 2021 ж.
Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы

Дата публикации
21 апреля 2021
Дата обновления
21 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы