Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы және Алматы облысының әкімдіктері агломерация тұрғындарын вакцинациялау процесін үйлестіру бойынша жұмыс тобын құрды

Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдерінің орынбасарлары Ержан Бабақұмаров пен Батыржан Байжұманов онлайн форматта жаппай вакцинациялау бойынша өңірлік штабтардың бірлескен отырысын өткізді.


Бірлескен отырысқа қала аудандарының және облыстың шекаралас аудандарының әкімдері, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, сондай-ақ аудандық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.

Басты міндет — Алматы облысында тұратын және Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін азаматтарды вакцинациялау бойынша бірлескен іс-қимыл алгоритмін әзірлеу.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен механизмді ескере отырып, қала тұрғындары вакцинаны тіркелген жеріне қарамастан, тұрғылықты жері бойынша ала алады. Сонымен қатар, Алматы облысының көптеген тұрғындары Алматы қаласының аумағында орналасқан кәсіпорындарда жұмыс істейді. Осыған байланысты, отырыста ірі кәсіпорындардың қызметкерлерін өңіріне (Алматы қаласы, Алматы облысы) және нақты тұратын немесе тіркелген жеріне қарамастан, жұмыс орны бойынша вакцинациялау туралы шешім қабылданды.

Дата публикации
10 апреля 2021
Дата обновления
10 апреля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Выборы депутатов маслихата - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы