Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының халқы Ұлттық Банк өлшеуіш алтын құймаларын қалап отыр

ҚР Ұлттық Банкі халық үшін аффинирленген алтыннның өлшеуіш құймаларын сату және сатып алу жөніндегі бағдарламаны 2017 жылғы 31 мамырда енгізді. Аффинирленген алттынның өлшеуіш құймалары – бұл ұстаушыға оларды жинау үшін сақтауға немесе табыс алу мақсатында сатып алу және сату бойынша операциялар жасауға мүмкіндік беретін ерекше өтімді қаржылық иснтрументі. Аффинирленген алттынның өлшеуіш құймалары жүз пайыз қазақстандық өнім болып табылады, шикізаттан бастап және түпкілікті әзірлегенге дейін. Ұлттық Банк пен Қазақстан тиын сарайшығы «төрт тоғыз» сынамасымен алтын құймаларының жоғары сапасына кепіл береді. Қазіргі уақытта сатуды және сатып алуды мына банктер жүзеге асырып отыр:

  • Қазақстан Ұлттық Банкі;
  • Еуразиялық банк;
  • Jysan Bank;
  • Банк ЦентрКредит.

2019 жылы, алтын құймаларымен операциялар жүргізу құқығына ие қатысушылар санын кеңейту мақсатында қолданыстағы заңнамаға аталған операцияларды уәкілетті банктермен, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асырауға лицензиясы бар заңды тұлғалармен (айырбастау пункттері) операциялар жүргізуге рұқсат беретін өзгерістер енгізілді.

Афинирленген алттынның өлшеуіш құймалары бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 граммда. Әр құйма қорғаныс элементтерімен жасақталған: жылтыр бет, микротекст және бұдыр гурты (шеткі бет). Құймалар сондай-ақ сапа сертификаты болып табылатын және құйманы механикалық зақымдардан қорғайтын арнайы қорғаныс бумада шығарылады. Клиент ультракүлгін жарық астында қорғаныс буманың түпнұсқалығын оңай тексеру мүмкіндігіне ие. Ультракүлгін жарықтың әсерінен жылтыр әйнек арқылы қорғалған (ашылмаған) бумада егер бума ашылған болса, түрін өзгертетін, люминесцентті жазулар көрінеді.

Ұлттық Банктің өлшеуіш құймаларын сатып алу бірқатар басымдықтарға ие, оның ішінде: 

  • жоғары өтімділік;
  • салымдардың ұзақ мерзімді түрі;
  • инфляциядан және экономикалық дағдарыстан қорғау;
  • клиентке «күнбе күн» ақша төлей отырып, кері сатып алу (сақталған және қорғаныс бумасының тұтастығы сақталған кезде).

2020 жылы қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерден және айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 890 кг  болатын 21 099 өлшеуіш құймаларын сатып алды. 2019 жылмен салыстырғанда өсу 34% құрады. Алматы қаласының оңтүстік астанасында, Қазақстанның қаржылық орталығында тұратын халықтың өте жоғары белсенділігіне ерекше назар аударған жөн.

ҚР Ұлттық Банк Алматы қалалық филиалының деректері негізінде жалпы жыл ішінде қаланың уәкілетті ұйымдарына жалпы 10.7 млрд. теңге сомасында 9813 құйма сатылды. 2019 жылмен салыстырғанда сату көлемінің өсуі сандық көріністе 26,3% құрады, бұл ретте теңгедегі өсу 518% (5,2 есе) болды.

Қорыта келе, алтынмен жасалатын операциялар өз жинақтарыңды сақтау және көбейту тәсілдерінің бірі ретінде әрқашан тартымды болғанын атап өткен жөн.

Диверсификациялау тәуекелдерінің қолда бар қағидасын (барлық жұмыртқаларды бір себетке салмау) ескере отырып, мамандар активтерді салудың әр түрлі тәсілдерін пайдалануды ұсынады: мемлекет 10 млн. теңгеге дейін кепіл беретін теңгедегі банк салымдары, құны металлдың нарықтың құнына (фиксинг) және АҚШ долларының бағамына байланысты болатын қолма-қол шетел валютасы және өлшеуіш алтын құймалары. Бұл ретте соңғы 5 жылдың өзінде алтын құны және доллар бағамы 2 есеге өсіп үлгерді.

 

Ақпаратты ҚР Ұлттық Банк АҚФ әзірледі

 

Дата публикации
05 апреля 2021
Дата обновления
05 апреля 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы