
Алматы қаласында жұмыссыздықты азайту мақсатында мемлекеттік, Үкіметтік бағдарламалар мен кәсіпкерлік субъектілер аясында жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
2021 жылға жұмыс орындарын құру жоспары 55 094 бірлікті, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары 34 905 бірлікті, уақытша жұмыс орнындары 20 189 бірлікті құрайды.
Алматы қаласында жаңа жұмыс орындарын ашу басты назарда, сондықтан мемлекеттік, Үкіметтік бағдарламалар мен жеке бастамалар жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда: Жұмыспен қамту жол картасы – 6 437 бірлік, Бизнестің жол картасы – 2025 – 1600 бірлік, өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы – 115 бірлік, білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы – 1 624 бірлік, индустриялық – инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы – 868 бірлік, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы – 2 648 бірлік, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы – 11 875 бірлік, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы – 200 бірлік, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі – 124 бірлік, туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы – 60 бірлік, жеке бастамалар – 11 875 бірлік.
Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері бойынша 27 411 бірлік тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қалада 11 124 бірлік жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 5 154 бірлік тұрақты, 5 970 бірлік уақытша жұмыс орындары (кәсіпкерлік субъектілері – 4 950 бірлік, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы – 6 013 бірлік, Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама – 20 бірлік, БЖК – 2025 – 141 бірлік).