
Алматыда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Әукенов пен қала әкімінің орынбасары М. Қиқымов мүгедек балалардың ата-аналарымен кездесті
18 наурыз күні Алматыдағы «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың бастамасымен мүгедек балалардың аналарымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге қаладағы мемлекеттік органдардың басшылары, ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ көпбалалы аналар қатысты.
Жиналған аналар өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Олар: тұрғын үй, жұмыспен қамту, балаларға дәрі-дәрмектер мен медициналық қызмет көрсету және тағы басқалары.
ҚР Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Әукенов сұрақтарға жауап берді және өзекті мәселелерді түсіндіріп өтті. Аналарды тоғандырған сауалдардың шешілуі Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында көрініс табатын болады. Сондай-ақ, мамандандырылған орталықтарда балаларды оңалту мәселесі сөз болды.
Алматы қаласында 2025 жылға дейін оңалту орталықтарының санын 2 есеге ұлғайту жоспарлануда.
Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға түрлі әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасау үшін ай сайыны жәрдемақы төленеді. Оңалтудың техникалық құралдарының 55 түрін алу мүмкіндігі бар (түрлерін ескере отырып, 67), жеке көмекшінің қызметтері, санаторий-курорттық емдеу, қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру және инватакси қызметтері ұсынылады. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша мүгедек балалардың қамқоршыларына қоғамдық көлік ақысының жеңілдігі(50 %) қарастырылған.
Алматы қаласы әкімнің орынбасары М. Қиқымов барлық айтылған мәселелерге қатысты кездесуге қатысқан мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берді.