
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы 2020 жылдың 09 наурызында «SÚNDET TOI» монеталарын айналымға шығарады.
«SÚNDET TOI» коллекциялық монеталары туралы
Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталары «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» монеталар сериясын жалғастырады. Сүндет той – қазақтың ұлттық салт-дәстүріне айналған қазақтың ежелгі әдет-ғұрпы. Сүндетке отырғызбас бұрын болашақ жігітті атқа отырғызып, кейін сыйлық берген.
Монеталардың сипаттамасы
Монеталардың аверсінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра латын графикасымен мемлекеттік тілде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Сол және оң секторларында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Төменгі жағында «TEŃGE», монетаның номиналын білдіретін күміс монетада «500» деген сан және мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан дайындалған монеталарда «100» деген сан бар.
Монеталардың реверсінде Сүндет той мерекелік салтының композициялық суреті бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде шаңырақтың айшықталған бейнесі және ұлттық ою-өрнек элементтері, «SUNDET TOI» деген жазу бар. Монетаның төменгі жағында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және ою-өрнек қапталған монета шығарылған жыл. Монетаның сол және оң жағында күмістен жасалған «Ag 925» және «24 g» монета металын, сынамасын және салмағын білдіретін жазулар бар.
Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. «Proof-like» сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады. «Brilliant uncirculated» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан жасалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалдыКоллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы «Интернет-дүкен» арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында: Панфилов көшесі, 98 үй. Cұрақтар үшін телефон: + 7 (727) 244-36-76, + 7 (727) 278-81-04 (ішкі 2359).
Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы әзірледі.